420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Tesla – инвесторлар үшін қауіпті компания

  • 307
  • UPD: 10:54, 09.09.2020

Мемлекеттік бақылау органдары жұртқа шағын несие берумен айналысатын 1300 ұйымға тексеру жүргізді.

Оның ішінде 144 компанияға жалпы сомасы 162 миллион теңге айыппұл салды. Енді келер жылдан бастап ломбардтар, онлайн несие беретін ұйымдардың барлығы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен лиценезия алуы тиіс.

Жаңа жылға дейін микро қаржы ұйымдары аталған агенттіктен лицензия алмаса, жұмыс істемейді. Бұл тұтынушылық несие беру нарығын бақылауға алу мақсатында жасалып отыр. Жаңашылдыққа қатысты микро қаржы ұйымдарының да өз уәжі бар.

Кепілдіксіз берілетін тұтынушылық несиенің көбейгеніне микроқаржы орталықтары себеп емес. Қазақстан микроқаржы ұйымдары ассоциациясының басшысы Ерболат Омарханов осындай пікірде. Оның айтуынша, нарықтағы микроқаржы ұйымдарының көбі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен айналысады. Статистика бойынша жалпы несиелік қоржында оның үлесі – 2 процент. Ұлттық банк олардың қызметін 2016 жылдан бері бақылауда ұстап келеді. Бірақ биыл микроқаржы ұйымдарына онлайн-несие беретін орталықтар мен ломбардтар қосылды. Сондықтан салаға бақылау бұрынғыдан да күшейіп, тексеру көбейген. Қауымдастық басшысының айтуынша, шамадын тыс тексеру мен қатал талап, шағын және орта кәсіпкерлікке несие беріп отырған қаржы ұйымдарды қыспаққа алып, олардың көлеңкелі бизнеске кетуіне ықпал етуі мүмкін.

Ауылшаруашылық техникасына утилизациялық төлем алынбау керек

Ауылшаруашылық техникасына утилизациялық төлем алуды кейінге шегеру керек. Немесе төлем құнын азайту қажет. Шаруа қожалық иелері мен депутаттар үкіметке осындай ұсыныс жасады. Себебі соңғы бес жылда теңгенің долларға шаққандағы кұны 2 есе төмендеді. Сәйкесінше шет елден келетін техниканың бағасы өсті. Ал жыл басынан бері Еуропа мен АҚШ-тың ауылшаруашылық техникасы 16 процентке қымбаттады. Утилизациялық төлемді қосқанда өсім 26-28 процентке жетеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметіне қарағанда отандық шаруа қожалықтар жылына жаңадан екі жарым мыңнан астам трактор мен мыңнан астам комбайн сатып алады. Трактордың 84 проценттейі, ал комбайнның 68 проценті импортталады. Отандық машина құрастыру зауыттары ішкі сұранысты толық қанағаттандыра аламайды. Оның үстіне Қазақстанда құрастырылған техника мен шет елден әкелінген трактордың құнында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ал негізі отандық өнім 22 процентке арзан болуы керек. Ең сорақысы, утилизациялық төлем алынғанымен бүгінге дейін бірде-бір ауылшаруашылық техникасы утилизациялық жоюға тапсырылмаған. Жарамсыз техниканы қабылдау бағдарламасы да оны жоятын зауыт та жоқ дейді мамандар.

Ел диқандары қамбаға 12,2 млн тонна бидай бастырды

Ел диқандары қамбаға 12 миллион 200 мың тонна бидай бастырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп. Жалпы бүгінге дейін 10 жарым миллион гектар егіс алқабында жиын-терім аяқталды. Яғни егіннің 66 процентін қамбаға түсті. Орта есеппен гектарына 11,7 центнерден өнім шыққан. Қазақстан бойынша, осы күні Жамбыл облысында бидай жинау науқаны аяқталды. Ал Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында аяқталауға жақын. Биыл 18 млн тонна астық жинау көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың айтуынша, пандемияға байланысты көктемде егін науқаны қатаң карантин жағдайында өтті. Енді өнімді жауынға қалдырмай жинап алу үшін қоймалар дайындау және қолжетімді сұйық отынмен қаму мәселесін министрлік жіті бақылауда ұстайды. Диқандар биыл 8 млн тонна бидайды шетке шығаруды жоспарлап отыр. Қазақ бидайына Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Иран елдері қызығушылық танытқан.

Сарапшылар: И.Маск компаниясының акциялары тым қымбат

«Tesla» инвесторлар үшін қауіпті компания деп аталды. Себебі акциялар құны тым қымбат, сәйкесінше, салынған инвестиция өтелмей қалуы мүмкін. Бұл туралы америкалық сарапшылар мәлімдеді. Айтуыларынша, Илон Масктың алдағы 10 жыл көлемінде белгілі автоконцерндерді басып озамыз деген жоспары барынша тиімді жүзеге асқанның өзінде, түпкілікті табыс аз болады. Қазір әлемдік қаржы нарықтарында «Tesla-ның» әрбір акциясы 418,3 долларға саудаланып жатыр. Егер оның жаһандық көлік өндірісіндегі үлесі 40-тан 110 процент дейінгі аралықты құрайтын болса, онда бұл баға әділетті болар еді. Алайда жыл сайынғы өндіріс қазір тек 57 мыңнан асады, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 10,9 миллионға жетуі мүмкін. Соның өзінде «Tesla-ның» нарықтағы үлесі 42 процентке тең болады. Сондықтан сарапшылар компанияға акциялар құнын 10 есе төмендетіп, 41 доллардан сатуды ұсынады.

Мұнай арзандады

Брент маракалы қара алтынның баррелі маусым айынан бері алғаш рет 40 АҚШ долларынан төмендеді. Бағаның құлдырауына қатысты түрлі пікір бар. Сарапшылардың бір тобы бағаның төмендеуін кей елдердерде коронавирус жұқтырғандар санынының артуымен байланыстырса, енді бірі Сауд Арабияның мұнай-газ компаниялары қазан айында Азия мен АҚШ-қа жеткізілетін мұнайды арзан сатуымен байланыстырады. Айта кетейік, кеше Лондонның IS биржасында Брент маркалы мұнай 39 доллар 3 центке саудаланды. Ал WTI маркасы 36 доллар бір центке бағаланды.

Қазақстан бойынша қоғамдық көлікпен қатынау ең арзан өңір – Тараз қаласы. Мұнда қалаішілік автобус билетінің бағасы – 65 теңге. Шымкентте 5 теңге қымбат. Маңғыстау облысының орталығында да билет ақысы 70 теңгеден. Ал Қостанай мен Қарағандыда қоғамдық көілкпен қатынау үшін жол ақысына 80 теңге төлейсіз. Қызылорда қаласында 90 теңге. Атырауда автобус билетінің құны – 150 теңге. Елордада егер қолма-қол төлесеңіз, билет ақысы 180 теңге, ал егер қолма-қол емес, электронды тәсілмен төлесеңіз, 50 процент жеңілдікпен, яғни 90 теңгемен қатынайсыз .

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 423 теңге 54 тиынға тең. Еуро 499 теңге 4 тиын. Ресей рублі 5 теңге 55 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы