426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде киім тігу көрсеткіші төмендеп, баға көтерілді

  • 322
  • UPD: 12:24, 11.09.2020

Биыл қаңтар мен шілде аралағында елде киім тігу көрсеткіші 1,3%-ке кеміді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Десе де, ақшалай құны былтырмен салыстырғанда 2,3%-ке артқан. Яғни, жеті айда отандық кәсіпорындар 22,3 миллиард теңгенің киімін тікті. Energyprom.kz сайтының мәліметіне қарағанда, елде балалар киімінің өндірісі 44%-ке, ал жемпір, көйлек тігу 40%-ке кеміген. Әсіресе, мектеп формасын тігетін кәсіпорындай айтарлықтай шығынға батқан. Өздеріңізге белгілі, биыл оқушыларға мектеп формасын кию талабы болған жоқ. Сондықтан балалар киімінің саудасы 95%-ке қысқарған. Ал, баға жылдан жылға өсіп барады. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында қиім-кешектің бөлшек саудадағы бағасы 4,5%-ке қымбаттаған. Айта кетейік, Қазақстан бойынша киім өндіруден Алматы облысы көш бастап тұр. Үштікке Шымкент пен Алматы қалалары кіреді.

Әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалар анықталды

Карантин кезінде 7 миллиондай қазақстандыққа әлеуметтік қолдау жасалды және әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалар анықталды.

Соңғы кезде әлеуметтік желіде қысқа бейнероликтердің көбейгенін байқаған боларсыз. Бұл TikTok-ты қолданушылар санының көбейгенін көрсетеді.

Қысқа бейнеролик түсіріп, жариялауға ыңғайланған TikTok әлемдегі ең танымал мобильді қосымшаға айналды. Қолданушылар оны 60 миллион рет жүктеген. Ал, екінші орында Zoom платформасы. Үздік үштікке TikTok-тың баламасы Snack Video кіреді. Соңғы уақытта оны қолданушылар саны күрт артқан. Себебі Қытайдың TikTok қосымшасын қолдануға Үндістан билігі тыйым салды. «АҚШ-пен арада дау бар. Олар «TikTok қосымшасы қолданушылардың жеке мәліметін ұрлайды» деп күдіктенеді. Бұған дейін президент Дональд Трамп «TikTok-ты жасаушылар 12 қарашаға дейін акцияларының 100%-ін АҚШ-қа сату керек немесе Америкадағы қызметін тоқтатады», деп жариялаған болатын. Сондай-ақ ол қытайлық компанияға жүйедегі америкалықтардың барлық мәліметін өшіріп, «бұл туралы шет ел инвесторларымен жұмыс жасайтын комитетке есеп берсін» деген талап қойды.

Карантин кезінде 7 млн адамға 42500 теңге берілді

Төтенше жағдай режимі кезінде, нақтырақ айтсақ, 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында 4 миллион 600 мыңдай адамға 322 миллиард теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Ал төтенше жағдай алынып, карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезде 2 миллион 400 мың адам 42 мың 500 теңге көлемінде төлем жасалды. Әлеуметтік қолдауды алуға өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданды. Өтініштері кері қайтарылғандар 1 желтоқсанға дейін шағымдануға болады. Осыған байланысты қазір еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры азаматтардың шағымдарын қайта қарау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

«Нарықтағы баға»

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында облыс орталықтарындағы хостелдерде түнеп шығу ақысы қанша екенін салыстырамыз.

Қазақстан бойынша хостелде түнеп шығу ақысы ең арзан өңір – Павлодар. Бір адамның төсек орны үшін мұнда мың теңге төлейсіз. Ақтөбеде мың жарымнан. Алматы қаласында хостельді 2 мың теңгеден табуға болады. Атырау мен Шымкентте баға шамалас. Яғни, үш мыңнан. Ақтауда үш жарымнан. Ел бойынша хостел ақысы қымбат қала – Нұр-Сұлтан. Мұнда бір орын 4500 теңгеден тұрады.

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 425 теңге 67 тиынға тең. Еуро 504 теңге 2 тиын. Ресей рублі 5 теңге 64 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы