424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 4000 шақырым жол қайта жөнделіп жатыр

  • 246
  • UPD: 13:04, 14.09.2020

Жалпы биыл елімізде қандай жолдар жөнделіп жатыр? Жұмыс сапасын кім қадағалайды?

Қорған Төреқожа, тілші:

- Елде биыл 4 мың шақырымдай жол қайта жөнделіп жатыр. Ал, 2025 жылға қарай жолдардың 60%-і бірінші және екінші дәрежелі болады деген жоспар бар.

Биыл елде 4 мың шақырымға жуық жол қайта жөнделіп жатыр. Бұл қай жолдар? Айтайық. Талдықорған мен Өскеменнің арасы. Қарағанды мен Балқаш және Қапшағайдан Алматыға шығатын жол жөнделуде. Меркіден Бурылбайтал, Қалбатаудан Қытай шекарасына қарай шығатын жол, Алматы облысы бойынша Үшаралдан Достыққа дейінгі жол, сол сияқты Ақтөбе мен Атыраудың арасы, Петропавлдан Қорғанға дейін, Қостанайдан Ақтөбеге дейінгі жолдар қайта жөнделуде. Жалпы ел бойынша 24 мың шақырым жол болса, бүгінде соның 13 мыңы толық жөндеуден өткен. Қалған 11 мың шақырым жол Президент тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін толық жөнделіп бітеді. Жалпы 2025 жылға дейін жолдардың 60%-і бірінші және екінші деңгейге жетуі тиіс. Ал қазір елдегі жолдардың 38%-і бірінші және екінші дәрежелі саналады. Сондай-ақ 6 транзиттік дәлізіміз бар. Оларды да толықтай жөндеу жұмыстары аяқталып қалған. Ал, жаңарып жатқан жолдардың сапасы қандай? Ертең бұзылып, тесіліп қалмай ма?

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Жолдардың сапасына келсек, оны тексеретін 5 сатыдан тұратын өзінің тәртібі бар. Атап айтқанда, мердігер, автор, техникалық қадағалау, сапа орталығы және соңында тапсырыс берушінің өзі тексеруден өткізеді. Сонымен қатар бұрын жол сапасының кепілдік мерзімі 2-3 жыл болса, енді ол 5 жылға дейін ұзартылды. Яғни, жаңадан салынған жолдан 5 жыл көлемінде ақау табылса, онда мердігер компания өз қалтасынан қайта жөндейді.

***

Тамызда тұрғындар 2300-ден аса алтын құйма сатып алды

Өткен тамызда ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 112,5 келі болатын 2353 алтын құйма сатып алған. Құймалар бес түрде сатылған. 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық. Әсіресе, ең көп өткені 10 грамдық құйма. Алтынды сатып алу бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш басында. Сатылған құймалардың жартысынан астамын осы алматылықтар алған. Одан кейінгі орында Атырау мен елорда. Атап өтейік, Ұлттық банк халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан еді. Содан бері жалпы 33 мыңдай құйма сатылған.

***

«Нарықтағы баға» айдары

Елде тұрғын үйдің саудасы қызып келеді. Яғни, баспана алушылар қатары көбейген. Статистика комитетінің мәліметінше, өткен айда 30 мыңнан аса адам үй алған. Бұл көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 13%-ке көп. Сонымен бүгін «Нарықтағы баға» айдарында елде екінші нарықтағы екі бөлмелі пәтер шамамен қанша тұратынын айтамыз.

Сонымен, Петропавлда екінші нарықтағы екі бөлмелі пәтер бағасы 10,5 миллион теңге. Көкшетауда 9 миллионның шамасында. Қарағандыда екінші нарықтан 7 миллионға табуға болады. Өскеменде 13 миллион теңге болса, Талдықорғанда екі бөлмелі пәтер құны шамамен 8,5 миллион теңге. Алматыда 16 миллион. Шымкентте 13 миллион теңге. Оралда екінші нарықтағы екі бөлмелі баспана 12 миллион теңге. Ақтөбеде 7,5 миллион болса, елордада екі бөлмелі пәтерді 14 миллион теңгеге аласыз.

***

Еуроодақ экономикасын тұрақтандыру үшін қаражат бөледі

Еуроодақ дағдарыстан шығу үшін келесі жылдан бастап қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Мұны халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард мәлімдеді. Әйтпесе, тағы болмайды. Бұл коронавирус ұлы депрессия деп аталғаны бар. Еуроодақ аймағының басшылары экономиканы тұрақтандыру үшін қорды бекіткен еді. Сөйтіп, оның бюджетіне 750 миллиард еуро бағыттады. Осылайша, жағдайы қиындаған елдер бір-екі жылдың төңірегінде экономикасын сәл де болса тұрақтандырып алмақ. Экономистер осылай топшылапты.

***

Louis Vuitton Tiffany-ді сатып алудан бас тартты

Ал, Louis Vuitton иесі америкалық компания Tiffany-дің өзін сотқа бермекші. Бернар Арно әлгі компанияны 16 миллиард долларға сатып алмақшы болған. Екі компания арасындағы келісім осы қарашада аяқталуы тиіс еді. Алайда Louis Vuitton әлгі компанияны сатып алудан бас тартып отыр. Осы Louis Vuitton өкілдері Tiffany-дің жағдайын жіті зерделеген. Нәтижесінде компанияның табысы пандемия кезінде әжептәуір азайып кеткен. Енді екі жақ бір-бірін сотқа беріп әлек.

Кезек валюта бағамында. Ұлттың банктің мәліметіне сәйкес бір доллар осы күні 426 теңге 29 тиын. Еуро 506 теңге 5 тиын. Ал, рубль 5 теңге 69 тиын болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы