420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар жаңа көлік алу үшін қанша қаражат төлейді?

  • 149
  • UPD: 11:44, 15.09.2020

Жауапты министрлік былай дейді.

Көмірден тапшылық бола қоймайды. Жұрт тоңа қоймайды. Өзімізге де жетеді. Шетке де кетеді. Экспорт көлемі қазірдің өзінде ұлғайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көмір экспорты ұлғайды

Көмір экспортының көлемі ұлғайды. Жыл басынан бері сыртқы нарыққа 19 миллион тонна отын сатылған. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экспорт шамамен 104 процентке көп. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай дерекпен бөлісті. Жалпы осы кезге дейін біздің кәсіпорындар 70 миллион тоннадай көмір өндірген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 процентке көп. Жаңағы 70 миллион тонна отынның 37 миллион тоннасы энергия өндіретін кәсіпорындарға жеткізіліпті. Ал халықтың тұтынуына деп күні бүгінге дейін сатылымға 4 миллион 600 мың тонна көмір шығарылған. Жалпы елдегі аурухана, мектеп, балабақша, өзге де нысандарға, автономды жылыту орталықтары мен жер үйде тұратындарға жылына шамамен 10 миллион тоннадай көмір қажет екен. Министрлік мәліметінше, біздегі кәсіпорындар қажетті көлемде көмір өндіре алады. Бұл дегеніміз, биыл қара отыннан тапшылық бола қоймас. Тапшылық болмаған соң, баға да тұрақты болады деген сенім бар. Бірақ осы бағаның өзі нарықтағы жағдайға байланысты реттелерін қаперде ұстайық.

Жаңа көліктердің құны қанша?

Қазақстандықтар жаңа көлік алу үшін қанша қаражат төлейді? «ЛС» сараптама агенттігінің өкілдері есебін жүргізген екен. Анығы, жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен елде құрастырылған көлікті ғана сатып алуға болады. Бұл кезде алдын ала төлем ретінде көлік құнының 20 процентін беруіңіз керек. Кей жағдайда бұл төлем аз болуы да мүмкін. Ал жыл сайынғы үстемесі – 4 процент. Осындай шартпен жаңа көліктерді 7 жылға дейін несиеге алуға болады. Ал жиі сатылатын көліктердің алдын ала төлемі 1 миллион теңгеден аспайды. Ай сайын төлейтін ақшасы 100 мың теңгеге дейін. Қымбаты – «Hyundai Tucson». Бұл жиі сатылатын темір тұлпарлардың үштігіне кіреді. Мұның құны 9 миллион 790 мың теңгеден басталады. Тиісінше алдын ала төлемі – 1 миллион 900 мың теңге. Жаңа «Hyundai Tucson» мінсеңіз, ай сайын 120 мың теңгедей төлеп тұрасыз. Ал ең арзаны «Lada Granta». Мұның бағасы 2 миллион 920 мың теңгеден басталады. Алдын ала төлемі – 584 мың. Ай сайын Лада Гранта үшін 35 жарым мың теңгедей төлейсіз.

Елде азық-түліктің қай түріне сұраныс артты?

Қазақстандық отбасылардың шығынының шамамен 57 проценті тамаққа кетеді екен. Тұрғындар азық-түлікке деп жұмсайтын ақшасының 8,2 процентіне нан мен жарма сатып алады. Ет пен ет өнімдеріне де сұраныс жоғары. Одан соң халық көп тұтынатын тамақтың қатарында сүт пен сүт өнімдері тұр. Бұған жұмсалатын шығын көлемі шамамен 6 процентке жуықтайды. Ал былтырғы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда биыл біздің жұрт нан, күріш, алма, қияр мен сиыр етін азырақ сатып алатын болған. Алайда макарон, тауық еті, балық, жұмыртқа, сәбіз, қызанақ, картопқа деген сұраныс өсіпті.

Нарықтағы баға

Сонымен жылқы етінің бір келісі – Көкшетауда 1700 теңге. Ал Қарағандыда Көкшетаудан 100 теңгеге қымбаттырақ. Шымкентте 2 мың теңге. Қызылордада да баға Шымкенттегідей. 2 мың. Атырауда жылқы еті қымбаттау. Келісі 2 жарым мың теңге. Ал бас қалада еттің бір келісін 1900 теңгеге алуға болады.

АҚШ-тың бюджет тапшылығы рекордтық деңгейге жетті

Коронавирус жаһанның алпауыты – АҚШ-тың өзін әлсіретіп жіберді. Бұл елдің бюджет тапшылығы биыл рекордтық деңгейге жетті. Көп шығын кетті. Шығыстары 6 триллион доллар болса, кірістері 3 триллион долларды құрады. Шығынның көлемі екі есе болып тұр. Бюджет қаражаты әдеттегідей 45 процентке көп жұмсалыпты. Сарапшылар АҚШ мұндай қиын жағдайдан тақау уақытта шыға қоймайды деп болжапты. Яғни бюджеттерінің тапшылығы әлі де бірнеше жыл сақталмақ.

Адамдар банктерден қаражатын әкетіп жатыр

Биылғы жыл Беларусь үшін де оңайға соқпады. Елдегі ахуалға байланысты адамдар банктерден қаражаттарын әкетіп жатыр. Өткен айда банктер 625 миллион доллардан және бір миллиард Беларусь рублінен айырылған. Мұны өзге емес, елдің ұлттық банкі өзі жариялады. Қаржы салымдары шамамен 8 проценке қысқарып кеткен. Мұндай жағдай елде 2003 жылдан бері болмаған. Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі де кеміген. Қаржы институттары ұлттық валютадағы депозиттер мөлшерлемесін 20 процентке дейін көтеріп тастаған. Тұтынушыларды ұстап қалу үшін. Жағдайын дұрыстап қалу үшін. Ал кей ұйым ақша шешуге шектеу енгізіп қойған. 

Кезек валюта бағамында. Сонымен бір доллар осы күні 426 теңге 29 тиын. Еуро 505 теңге 32 тиын. Рубль 5 теңге 66 тиын болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы