426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жасанды ұрықтандырудың құны қанша?

  • 212
  • UPD: 11:45, 17.09.2020

Елімізде жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота кезінде жасы 38 жастан асқан әйелдерге басымдық беру ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бұл жаста ана атану мүмкіндігі қиындайды. Еске салайық, президент тапсырмасымен келер жылы жасанды ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінеді. Ал аталмыш қызмет түрін көрсететін емханалардың жайы қандай?

Биыл елімізде жасанды ұрықтандыру жүргізуге мың квота бөлінген. Бірақ карантинге байланысты оның үштен бір бөлігі ғана іске асқан. Сондықтан аталмыш қызмет түрін көрсететін клиникалар қалған квоталарды жыл аяғына дейін пайдаланып, кезекте тұрған ерлі-зайыптыларға көмектесеуі тиіс.

Карантин кезінде Қазақстанда жасанды ұрықтандырумен айналысатын клиникаларының кірісі 5 есе қысқарды. Бұған қарамастан, олар өз қызметтерінің бағасын көтермейді. Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин осындай орталықтардың қазіргі жағдайы туралы бізге баяндап берді. Оның айтуынша, клиникалар карантинге дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысуда. Бірақ ол үшін медициналық бұйымдардың 20 процентке қымбаттағанына қарамастан, қызметтерінің бағасын бірқалыпты ұстап тұруы тис. Сондай-ақ доллар бағамының өзгеруі жағдайды қиындатады. Бұған қоса, реактивтердің барлығы шетелден алынады. Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыруға дайындық барысында зертханалық талдау жасау ер адамдарға 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін тұрады. Ал процедураның өзі – 400-480 мың теңге. Толық тексеруден өту үшін ерлі-зайыптыларға бір миллион теңгеге дейін қаржы кетеді. Бала сүйюді армандаған әйелдер көбіне жасанды ұрықтандыруға бірнеше рет жүгінеді. Айта кетейік, егер емханалар бағаны ұстап тұра алмаса, аталмыш процедура күздің соңында қымбаттауы мүмкін.

Вячеслав Локшин, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, акушер-гинеколог:

– 2010 жылдан бері Қазақстанда жасанды ұрықтандыру жүргізуге арналған квоталар саны 100-ден 1100-ге дейін өсті. Экстрокорпоралды ұрықтандыру көмегімен ем алуға бір жарым миллион теңгеге дейін қаржы кетеді. Мұны барлық ерлі-зайыптылардың қалтасы көтере бермейді. 2019 жылдың соңында мен Президентке квоталар санын көбейтуді ұсынып, өтініш білдірдім. Ал биыл Мемлекет басшысы өз Жолдауында квоталарды 7 мыңға дейін ұлғайтуды жариялаған кезде қуандым. Осының көмегімен жылдап жиналған кезек мәселесін шешуге болады. Мұнда 38-40 жастан асқан әйелдерге басымдық беру керек, өйткені олардың әрбір күні маңызды.

Карантин балдың бағасына әсер етпеді

Карантин кезінде бал сату 90 процентке қысқарды. Биыл тәтті өнім өндірісі де төмендеуі мүмкін. Төтенше жағдай кезінде көптеген ара өсірушілер омарталарға уақытында жете алмады. Салдарынан жаңа маусымға дайындалып үлгермеген. Ұлттық ара өсірушілер одағы биылғы өнім көлемі қандай болатынын айту әлі ерте дейді. Былтыр омарташылар шамамен 15 мың тонна бал жинаған. Бірақ тәтті өнімнің бағасы қатты өзгермеген. Оның орташа құны 2000 теңге төңірегінде. Өскеменде балдың келісі – 1500 теңге. Қарағандыда бұл тауар 500 теңгеге қымбат. Талдықорғанда тәтті өнімді 2000 теңгеден сатып алады. Ал Қостанай өңірінде балдың келісі 2300 теңге. Атыраулықтар аталмыш тауардың келісін 2500 теңге сатып алады. 

Әлемдік туризмнің қалпына келуі бірнеше жылға созылады

Халықаралық туристік ұйымның мәліметінше, туристер ағыны биыл бірінші жарты жылдықта өткен жылмен салыстырғанда 65% азайды. Сарапшылардың 2020 жылы халықаралық туристер ағыны 58% 78% дейін қысқаруы мүмкін деп отыр. Ал қалпына келу процесі екі жылдан төрт жылға дейін созылады. Биыл қаңтардан маусымға дейін дүниежүзіндегі әуежайларда тіркелген саяхатшылар саны 440 миллионға аз болды. Ал халықаралық туризмнен түсетін табыс жарты жылда 460 млрд долларға қысқарды. Бұл туристік салада 2009 жылы болған шығыннан бес есе артық делінген хабарламада. Туризмнің тоқырауынан Азия-Тынық мұхиты аймағы басқаларға қарағанда көбірек зардап шекті. Мұндағы туристер ағыны 72% азайды. Ал Еуропаға ұшып барған туристер саны биыл өткен жылмен салыстырғанда 66% аз.

Singapore Airlines бағыты белгісіз рейстерді іске қоспақ

Singapore Airlines әуе компаниясы бизнестің жағдайын жақсарту үшін Чанги әуежайынан межелі бағытсыз рейстерді іске қоспақ. Ерекше қызмет түрі қазан айының соңында қол жетімді болады. Бағыты белгісіз рейстермен тек жергілікті тұрғындар ұшады. Сонымен қатар Үкіметтің туристік несиелері арқылы мұндай рейстерді бөліп төлеу мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр. Ұшу уақыты – шамамен үш сағат. Компания өкілдерінің хабарлауынша, тұрғындарға жергілікті қонақ үйлерде орналасу, әуежайда сауда жасау және лимузин сынды қосымша қызмет түрлері енгізілуі мүмкін. 

Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша, доллардың орташа бағамы 424 теңге 65 тиын, еуро 504 теңге 27 тиын, рубль 5 теңге 68 тиын.

Хабар 24 телеарнасы