432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қой еті қымбаттауы мүмкін

  • 319
  • UPD: 11:54, 28.09.2020

Елімізде жыл соңына дейін қой еті қымбаттауы мүмкін. Өңірлерде шығып жатқан құс тұмауы ақ еттің күрт азаюына алып келсе, сиыр мен қой етіне сұраныс артады.

Бұл туралы «Шопан ата» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев айтты. Өнімнің қымбаттауына қой шаруашылығы қызып тұрған оңтүстік облыстарда қуаңшылық салдарынан жем-шөптің аз болуы да себеп. Қазір әлемдегі қой етінің орташа құны бес доллар. Бірақ бұл баға 10 жылда тағы артуы ықтимал. Бүгінде індет салдарынан экспорт азайған. Бұған логистикалық қарым-қатынастың үзілуі себеп боп тұр. Отандық өнімдер Иран, БАӘ, ЕАЭО, Бахрейн, т.б. елдерде сұранысқа ие.

Айта кетейік, ішкі нарық қой етімен 102 процент қамтылады. Елде шопан ата төлінің 22 түрі өсіріледі.

Кәсіпкерлеріміз өзбекстандық әріптестерімен бәсекелесе ала ма? Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, бұған кедергі көп. Көрші елде 96 тауар түріне кедендік баға үшін 5-тен 50 процентке дейін акциз салығы енгізілген. Бұл қазақстандық өңделген өнімге шектеу қоюмен тең дейді депутат. Яғни көршілер бидай, майлы дақылдар, ет және мал терісі сынды шикізатты сатып алып, оны өздері өңдеп, игілігін көруді жөн санап отыр. Ал дайын өнімді қайтадан Қазақстанға да экпорттайтын кездер болған. Бірақ, бұл үшін оларға ешқандай салық салынбайды. Депутат үкіметке сауал жолдап, жағдайды үкіметаралық деңгейде қарастыруды ұсынды. Өйткені бұл мәселе расында өзекті. Бұған дейін отандық астық өңдеушілер де толғандырған түйткілді ортаға салған болатын. Бәсекелестік талаптарының әрқилы болуына байланысты соңғы екі жылда отандық ұн өзбек халқына екі есе аз экспортталды.

АҚШ экономикасы Қытайға тәуелділіктен арылады. Дональд Трамп қайтадан Президент болып сайланса, осындай бастаманы қолға алмақ. Алдағы 4 жылда Америка әлемнің өндіруші алып державасына айналады деп уәде берді.

Айтуынша, аспанасты елімен байланыста АҚШ ештеңе ұтпаған, тек мол шығынға ұшырап келді. Жыл басында екі ел сауда келісімі аясында бірқатар құжатқа қол қойған. Оның негізінде алдағы екі жылда Қытай Америкадан 200 млрд долларға ауыл шаруашылығы және басқа да тауарларды сатып алуы тиіс. Ал АҚШ өз кезегінде қытай тауарларына жоспарланған баж салығын алып тастауы керек. Бірақ кеше ғана АҚШ-тың жаңа санкциясы жайлы хабар тарады. Бүгінде 255 қытай өндірушісі қара тізімде.

Хабар 24 телеарнасы