427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес мың қазақстандық өз ипотекасын қайта қаржыландыра алады

  • 327
  • UPD: 13:18, 30.09.2020

Елде үй қымбаттаған.

Жаңа үйдің құны шамамен 2 жарым, ал екінші нарықтағы баспананың бағасы 6 жарым процентке өсіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде биылғы сегіз айда тұрғын үйдің шаршы метрі қымбаттаған. Оның ішінде жаңа үйдің бағасы – 2,6, екінші нарықтағы тұрғын үйдің құны 6,6 процентке өскен. Соның өзінде ипотека арқылы баспана алып жатқандар көп. Бұл тұрғыдағы көрсеткіш жоғары. Заңдылық қой. Әркім үйлі болсам, үй алсам дейді. Жалпы ипотекалық несие рәсімдеу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қаласының тұрғындары белсенді. Сатып алынған ең қымбат тұрғын үй бағасы – 64 млн теңге. Тағы бір жаңалық. 5 мың қазақстандық өз ипотекасын қайта қаржыландыра алады. Ұлттық Банк жақында ғана ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасына толықтырулар енгізіп, өзгерісті жария етті. Аталған механизм 2015 жылы басталған. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі биылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Қарыз алушының банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын меншігіне қайтару мақсатында қарыз алушы жылдық 3 процент сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаржыландырылады. Не оған тұрғын үйді кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру құқығы беріледі.

Туризм саласы жанданып келеді

Біздің туристік агенттіктер жұмыстарын қайда жандандырып жатыр. Әрине әзірге бұрынғыдай бола қоймасы анық. Дегенмен салада тіршілік қайта басталғаны көңіл қуантады. Туристік операторлар қауымдастығының президенті Инна Рей тамызда біздің компаниялар тек бір жарым мың жолдама сатса, осы айда былтырғы қыркүйектегі көлемнің жартысына жуығын қайталау нәсіп болыпты. Бұл айда отандастарымыз Түркияға көбірек қатынаған. Карантиннен соң бауырлас елде 10 мыңға тарта қазақстандық демалып қайтқан. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан аса азаматымыз болыпты. Мысырда демалған жерлестеріміздің саны 3 мыңға жетеғабыл. Ал өзге елдерге сатылған жолдама жоқтың қасы. Енді біздің қай өңірлерден азаматтар жиірек шетел асатынын айтсақ. Әзірге саяхаттап жүргендердің қатарында елорда мен Алматының тұрғындары көп. Қауымдастықтың дерегінше, карантин уақытында бас қаладағы туристік агенттіктердің 20 проценті өз қызметін тоқтатқан.

Сонымен сары май Павлодарда арзан екен. Бір келісі 1800 теңге. Ал Шымкентте 2400 болса, Қостанайда майдың бір келісі 2400 теңгеден асады. Ал Көкшетауда – 3000 теңге. Өскеменде сары майдың бір келісін 3 жарым мың теңгеге алуға болады. Оралда да баға Өскемендегідей.

Доллар тағы өсуі мүмкін бе?

АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші толқыны болса тағы да өсуі мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Ал Халықаралық валюта қорының өкілдері мынаны айтады. Пандемияға байланысты дағдарыс ұзаққа созылып, кей елдің экономикасын қалпына келтіру үшін жылдар қажет болады. Еуропада коронавирустың екінші толқынына қатысты үрей мен шектеу шараларын енгізуі де доллардың өсуіне әкеп соғады. Сыртқы нарықтардың қысымын дамушы елдердің валюталары да сезінді. Түрік лирасы бұрынғыдан бетер әлсіресе, Бразилия реалы мен Мексика песосы жұмада 0,9 процентке құлдыраған. Оңтүстік Африка ранды доллармен салыстырғанда құнын 1,2 процентке жоғалтты. Ресей рублі өткен аптада бір доллар үшін сәуірдегі деңгейдің ең жоғары көрсеткіші – 78 рубльден асып түсті. Әлемдік нарықта доллардың нығаюы біздің де ұлттық валютаны біршама құнсыздандырды. Өткен аптадан бері теңгеміз әлсірегені белгілі.

Осы ретте бүгінгі валюта бағамына тоқтала кетейік. Сонымен Қазақстан қор биржасында доллар – 429 теңге 58 тиын. Еуро – 502 теңге. Ал рубль 5 теңге 40 тиын болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы