432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді

  • 379
  • UPD: 12:23, 01.10.2020

Биылғы тамызда ел экономикасын несиелеу көлемі ұлғайды. Нақтырақ айтсақ, заңды тұлғаларға 7 миллиард 288 миллион теңге қарыз берілген. Жеке тұлғалар банктерден 6 миллиард 904 миллион теңге несие алды. Оның 12 миллиардқа жуығы ұзақ мерзімді. 2 миллиардқа жуығы қысқа мерзімге рәсімделген. Тамызда шағын кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 2 жарым процентке артты. Бұл экономикаға салынған жалпы қарыздың 15 процентіне тең. Ұлттық банктің мәліметінше, төл валютада берілген несиенің үстемесі 11,9 процент. Жеке тұлғалардың алған сомасына 17 процент қосылады.

Қазақстан сүт өндірушілер одағы сүт өнімдерін таңбалауды жаппай міндеттеуге қарсы. Қауымдастық мүшелерінің айтуынша, бұл ішкі нарықта сүт өнімдерінің қымбаттауына әкеледі. Сондықтан таңбалауда таңдау болу керек дейді. Түсіндіріп өтейн. Көрші Ресейде сүт өнімдерін таңбалау келер жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ал Қазақстанда бұл ереже жазда енгізіледі. Десе де іс жүзінде Ресейге сүт экспорттап отырған кәсіпорындар амалсыз 1 қаңтардан бастап өнімді таңбалауға мәжбүр. Бұған қоса біздегі ереже бойынша тек қана ішкі нарықпен жұмыс істеп отырған кәсіпорындар да өз өнімін таңбалауға міндетті. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша мұның еш қажеті жоқ. Себебі елде тауардың сапасын анықтайтын сертификат бар, тексерулер бар. Енді таңбалау қосылса өнімнің өзіндік құны 9-10 процентке көтеріледі. Сондықтан кім экспорт жасайды сол тауарын таңбаласын. Ал ішкі нарықпен жұмыс істейтіндерге артық шығынның керегі жоқ. 

Қазақстан нарығында шет елдік қанттың үлесі артып барады. Негізінен  Ресей және Беларусьтен әкелініп жатыр. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда өткен жылы елге 250 мың тонна қант импортталған. Ал отандық өнім Қазақстан нарығының тек 47 процентін ғана қамтиды. Мамандардың айтуынша, жергілікті өндіріс көлемінің көбеймеуіне бір ғана себеп бар. Ол шикізат тапшылығы. Қант қызылшасын өсуріге не жер жетпейді, не су жетпейді. Мәселен өткен жылы 15 мың гектар аумаққа егілген. Биыл 19 мың гектар жерден өнім жиналады. Өсім Алматы облысының есебінен көбейіп тұр. Ал Жамбылда егіс алқабын ұлғайтуға су тапшылығы тұсау болады. Сала мамандарының айтуынша, жағдай оңалып келеді. Бірақ өте баяу. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің диллерлері мен брокерлері тең дәрежелі болады. Яғни олар одақтың кез келген елінде ұйымдастырылған биржалық саудаға қатыса алады. Еуразиялық экономикалық комиссия жобаны мақұлдаған. Құжат мүше мемлекеттердің қарауына жіберілді. Енді мемлекетішілік талқылауға салынады. Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің айтуынша жоба одаққа мүше елдердің арасында ортақ қаржы нарығын жасауға мүмкіндік ашады. Сонымен қатар сауда және инвестиция саласында өзара әріптестікті нығайтады.

Бүгін нарықтағы баға айдарында қанттың құнына шол жасаймыз. Қазақстиан бойынша тәтті Атырауда қымбат екен.

Қазақстан бойынша қант ең арзан өңірлердің бірі елорда екен. Мұнда келісі 220 теңге шамасында. Қостанайда да баға осындай. Ал Өскеменде 235 теңгеден басталады. Талдықорғандықтар тәттінің келісін 250 алады. Таразда 260. Қарағандыда қанттың келісі 290нан. Ел бойынша қант ең қымбат өңір Атырау. Мұнда келісі 300 теңге шамасында.

Хабар 24 телеарнасы