429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туризм саласына түскен кіріс екі есе азайды

  • 402
  • UPD: 11:35, 08.10.2020

Алғашқы жартыжылдықта еліміздегі қонақүйлерде бір жарым миллионға жуық адамға қызмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 есе аз.

Пандемия басталғалы түскен кіріс 28 млрд теңгеге жуықтаған.

Коронавирус пандемиясы халықтың қалтасына салмақ салғаны анық. Тіпті қонақүйлерге тұрақтау көпшілік үшін тиімсіз болып қалды. Сондықтан болар, бір жұлдыздыларына сұраныс бұрынғыға қарағанда 10 есе артқан. Үш, бес жұлдызды қонақүйлерге келушілер саны 3,5 есе төмендепті. Ал категориясы жоқ мейманханаларға келушілер 40%-ке азайған. Мұнда 800 мың адам ғана тұрақтады. Елдегі туристік қызмет көрсету орындарына жарты жылда 28 млрд теңге ғана түскен. Бұл әдеттегіден екі есе аз. Америкалық басылымдар жүргізген зерттеуге сай еліміз 73 мемлекеттің 70 тұғырынан көрінді. Туристер Қазақстанды достық пейілі, тұмса табиғат, жанға жайлы климаты бар ел ретінде таңдаған. Үздіктер көшін Бразилия, Италия және Испания бастады.

***

Балық өндірісі 600 мың тоннаға жеткізіледі

Елімізде тауарлық балықты өсіруге ден қойылмақ. Сөйтіп, келесі жылы оның көлемі бес мың тоннаға жетеді. Республикалық балық шаруашылығы қауымдастығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Серік Темірханов балық өсіретін шаруашылықтардың саны еселеп артатынын айтады. Қазір ел аумағында 180-ге тарта шаруашылық бар. Оның үстіне субсидияны көбейту көзделіп отыр. Демек, шығындардың жартысына жуығын мемлекет өтейді. Мамандардың айтуынша, балық импорты экспорттан асып түскен. Елде теңіз өнімдері сұраныста. Бірақ жергілікті балық та тұтынушыларға жеткілікті көлемде ұсынылатын болады. Себебі, өндірісті 600 мың тоннаға дейін жеткізу жоспары бар.

Қазақстандықтар жиі тұтынатын сазан балығы өңірлерде қанша тұрады? «Нарықтағы бағадан» білейік.

Ең арзан балық Атырауда сатылып жатыр. Бір келі сазанды 750 теңгеге сатып аласыз. Ақтөбеде 50 теңгеге қымбат. Оралда балықтың келісін 850 теңгеге алуға болады. Таразда да осы баға. Талдықорғаннан өнімді 900 теңгеге аласыз. Қызылордада 1000 теңге. Ал Шымкентте 1200 теңгеге сатылып жатыр.

***

Тасымалдаушыларға қолдау қажет

Ал, америкалық әуе компанияларға 25 млрд доллар көлемінде қаржы бөлінеді. Мұндай көмек тасымалдаушылардың қызметкерлеріне жалақы төлеуіне мүмкіндік береді. Өйткені компаниялардың ахуал нашарлап, жаппай қысқартуға ұшырап жатыр. Ел президенті Дональд Трамп Конгрестен төлемді тезірек мақұлдауды талап етті. Әйтпесе, осы айда қызметкерлердің 25%-і жұмыссыз қалуы мүмкін. Жыл басынан бері АҚШ-тағы жолаушылар ағыны 30% -ке азайған. Ай сайынғы шығын шамамен 5 млрд долларға жуықтады. Дегенмен, тасымалдаушылар үміт үзген жоқ. Қыста ішкі сұраныс аз болса да, жанданады деп отыр. Бірақ әуе сапарларының пандемияға дейінгі деңгейге жетуі екіталай.

***

Кедендік декларациялау үрдісі тоқтап тұр

Қырғызстанда кедендік декларациялау уақытша тоқтатылды. Оған коммерциялық банктердің қызметін үзе тұруы себеп. Бұл туралы мемлекеттік кеден қызметі хабарлағандай, саяси жағдай толығымен тұрақталғанша қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылған. Әзірге транзиттік жүкті кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты операциялар бұрынғыдай жүріп жатыр.

***

Samsung Electronics компаниясының табысы артты.

Оған смартфондарға сұраныстың артуы себеп. Оның үстіне Huawei-ден микрочиптерге ауқымды тапсырыстың түсуі оң ықпал еткен. Ресми жарияланған жоқ, бірақ жалпы кіріс 10,5 трлн вонға жетеді деген болжам бар. Бұл дегеніміз, 9,5 млн доллар. Қазір Huawei қор жинап жатыр. Себебі АҚШ санкциясы жергілікті технологияны лицензиясыз пайдалануға мүмкіндік бермейді. Айта кетейік, өткен жылы технологиялық алпауыт табысының жартысынан көбі осы микрочип өндірісінен түскен.

Енді еліміздегі валюта бағамына тоқталайық. Доллар 426,46 теңге, еуро 505,82 теңге, Ресей рублі 5,48 теңге

Хабар 24 телеарнасы