428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең қымбат мұнай компаниясы анықталды

  • 220
  • UPD: 12:13, 09.10.2020

Қыркүйек айы әлем нарығы үшін құбылмалы кезең болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биржадағы сауда-саттық көлемі 2,6 млрд долларға жеткен. Бұл жыл басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Ұлттық банк те коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр.

Валюталық интервенциялар 230 млн доллардан асты

Ұлттық Банк наурыз айынан бастап алғаш рет валюталық интервенциялар өткізді. Қыркүйекте ғана еліміздің бас банкі соңғы үш айда байқалған мөлшерден тыс құбылмалылықты түзету үшін осындай қадамға барған. Нәтижесі бар. Интервенциялар көлемі 230 млн доллардан асты. Сатулар биржалық нарықта алтын-валюта активтерінен жүзеге асырылды. Күздің алғашқы айында ғана теңге бірден үш процентке құлдырады. Еске салайын, бір доллар 420 теңгеден 431-ге дейін жеткен болатын. Валютаның бұлай құбылуына дамушы елдердің, әсіресе мұнай экспортерлері мен Қазақстанның сауда серіктестерінің валюта динамикасы әсер етті.

Ең көп алтын Өзбекстанда сатылды

Әлемдік банктер тамыз айында шамамен 12 жарым тонна алтын сатқан. Ең ірі сатып алушы қырғыз елі болды. Оларға 5 тонна бағалы металл сатылған. Тізімді Үндістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Моңғолия мен Қазақстан жалғайды. Ең ірі сатушы ретінде Өзбекстан танылды. Олардың алтын қорында қазір 298 тонна бағалы металл бар. Жалпы өткен айда алтын бағасы 73 долларға төмендеді. Қазақстандағы алтын валюта резервтері 35,4 доллардан 33,8 долларға дейін қысқарды. Алтын портфелі шамамен 800 млн долларға азайған. Бүгінде елдегі алтын алтын валюта резервтерінің 3-тен екі бөлігін құрайды.

2 млрд теңге. Соңғы үш айда 184 мың қазақстандық осынша көлемдегі салықтық қарызын төледі. Демек 288 миллион теңгеге жуық айыппұл есептен шығарылды. Бұл - шілдеде басталған жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясының аралық нәтижесі. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, мүмкіндікті Алматы, Шымкент және Алматы облысының тұрғындары белсенді пайдаланған. Әзірге Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан өтініштер аз түсіп жатыр. Бүгінде бір жарым млн-ға жуық қазақстандықтың 25 млрд теңгеден асатын салықтық қарызы бар. Оның 4 млрд-ы - айыппұлдар.

Ең қымбат мұнай компаниясы анықталды

Америкалық Шеврон соңғы 30 жылда алғаш рет ең қымбат мұнай компаниясына айналды. Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттықтың жабылуында өндіріс орны 142 млрд долларға бағаланды. Бұл басты қарсыласы ExxonMobil-дан жоғары. Компанияның капитализация бойынша нарықтағы көшбасшыға айналуына бағасының сәл құлдырауы себеп болды. Жыл басынан бері ақсаңдап келе жатқан компаниялардың бағасы түсетіні онсыз да күтілген болатын. Дегенмен, Chevron-ның оң ахуалына ExxonMobil-дің Dow Jones Industrial Average өндірістік индексінен шығып қалуы ықпал еткен. Енді Chevron
Dow Jones-тағы жалғыз энергетикалық компания болып қалды. Америкалық мұнай өндірушілерге шикізат бағасының құлдырауы және сұраныстың күрт төмендеуі кедергі келтірді. Ал ExxonMobil-дің шығыны 1,1 миллиард долларға жетті.

ГМА-бидай нарыққа шығуы мүмкін

Аргентина билігі қуаңшылыққа төзімді бидай түрін мақұлдады. Осылайша ГМА штамды дақылды қолдаған әлемдегі алғашқы мемлекет болып отыр. Өндіруші фирма HB4 өнімін ең ірі импортер Бразилияға экспортталса ғана сататынын айтқан. Былтыр мұнда 11 млн тонна бидайдың 45 проценті жөнелтілген. Ал қуаңшылыққа төзімді, шығыны жоқ дақыл молшылыққа алып келеді дейді. Бірақ Буэнос-Айрес провинцияларының басқарушылары мұндай бидайдың пайдасынан зияны басым деп күмән келтіріп отыр. Билік қолдады, дегенмен импорттаушы елдерден әзірге сұраныс түсіп жатқан жоқ.
Жыл басынан бері еліміздегі әлеуметтік маңызды тауарлар 4,5 процентке қымбаттаған екен. Әсіресе, қарақұмық жармасы, қант, сәбіз, картоптың құны шарықтап кеткен. Бүгін сол картоптың нарықтағы бағасына шолу жасаймыз.

Қарағандыда бір келі картоп 85 теңге, Көкшетауда 100 теңге, Ақтөбеде 15 теңгеге қымбат. Талдықорғанда 120 теңге, Қызылорда мен Өскеменде де картоптың бір келісі 120 теңге, ал Ақтауда 140 теңге.
Доллар 428,31 теңге, еуро 503,52 теңге, Ресей рублі 5,5 теңге.

Хабар 24 телеарнасы