432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теңге қалай құбылады?

  • 237
  • UPD: 12:07, 15.10.2020

Елордадағы орыс драма театрының қазан айына арналған билеттері бір сағатта сатылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермен көзайымына айналған қойылымдар қайта сахналанып, әртістер ерекше форматтағы жұмысқа кірісті. Дегенмен каранин салдарынан театр жоспарланған табысының 95 процентінен айырылған.

Биыл Астана Опера театрының 70 жуық іс-шарасы кейінге шегерілді. Жоспарланған спектакльдер, балет пен опералар үлкен саханада көрсетілген жоқ. Дегенмен ол қойылымдар келер маусымда көрерменге жол тартады. Ал сіздің сұраңызға келер болсақ, театрларда отыратын орынның 50% толтырылып, көрермендер саны 50-ден аспауы шарт.

Астана Опера театрындағы сегізінші маусым ерекше форматта басталды. Мәдениет ошағында қойылымнан бастап дайындыққа дейін барлығы жіті қадағаланады. Театр директорының орынбасары Виктор Караренің айтуынша, санитарлық талаптарды сақтау үшін жоспарлау мен жинақылық қажет. Карантин кезіндегі спектакльдердің құрылымы да өзгерген. Қазір әртістер саны мейлінше аз болатын қойлымдарға басымдық беріледі. Әрбір дайындықтың алдында кварц қосылып, сахна арнайы сұйықтықпен жуылады. Бұдан бөлек, мекеменің өз медициналық қызметкері де бар. Ол ғимараттағы санитарлық талаптардың сақталуын бақылайды. Ал қызметкерлер екі топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр. Бас санитар дәрігердің қаулысына сай көрермен саны шектеулі. Бірақ жарты жылға жуық жабық тұрған театр ұжымы үшін бұл да кедергі емес.

Виктор Караре, Астана Опера мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары:

- Барлығы осы 50 алғашқы көрерменді асыға күтті. Себебі сахналық қойылымдар үшін ауқымды жұмыс жасалды. Бұл біздің балет, кордебалет солистеріміз, опера әртістері мен хордың еңбегі. Барлығы осы қойылымдарды күтті. Біз санитарлық талаптарды сақтауға тырысып бақтық. Бірақ шығармашылық ұжымның жұмысын да шектемеудің жолдарын ойластырдық. Қазір әртістердің жартысы түске дейін, ал қалғаны түстен кейін келеді. Театрымыз үлкен болғандықтан, ара қашықтықты сақтауға мүмкіндік бар.

Бірінші жарты жылдықта шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет көрсету көлемі 21 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 17 процентке аз. Мұндай көрсеткіштер бес жылдан бері тіркелмеген. Саладағы қызметтер негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау өңірлерінде қысқарған.

Нарықтағы баға

Павлодарда сұйық майдың бір литрі – 450 теңге. Қостанайда өнім құны 509 теңгеге дейін жетеді. Қызылордада сұйық майды 450 теңгеден бастап, 540 теңгеге дейін сатып алуға болады. Ал Ақтауда аталмыш тауар 585 теңге тұрады. Елордада сұйық майдың бір литрі 500 теңгеден бастап, 800 теңгеге дейін жетеді.

Теңге қалай құбылады?

Қарашаның басында теңге долларға қатысты нығаюы мүмкін. Алайда келер жылы ұлттық валютаға қысым күшейеді. Бұл – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының болжамы. Олар қаржы нарығының қатысушыларының пікірін зерттеп, осындай тұжырымға келген. Жалпы ішкі өнімнің өсімі, алдағы 12 айда, кем дегенде 1,7% болады деп болжануда. Дегенмен экономикаға қосымша ақшалай ынталандыру қажет болады. Сарапшылар 12 айлық кезеңде базалық мөлшерлеме төмендеп, 8,75% дейін түседі деген пікірде.

Ресейде 18 мың кәсіпкер 18-ге толмаған

Ресейде кәмелеттік жасқа толмаған 18 мыңнан астам кәсіпкер бар. Осы бастан бизнеске араласқан жас кәсіпкерлер салық төлеп, ел қазынасын тұрақты толтырып отырады. Бұл туралы Ресейдің стратегиялық бастамалар агенттігі хабарлады. Мамандар жасөспірімдер арасында зерттеу жүргізген. Нәтижесінде,  жоғары сынып оқушыларының 80 проценті ақша тапқысы келетінін, айтқан. Бірақ көпшілігі әлі қай жолда еңбек ететінін нақты білмейді. Ал бизнес бағытын айқындаған жасөспірімдер үшін заңдық кедергі жоқ. Агенттіктің хабарлауынша, Ресейде 16 жастан бастап  еш қиындықсыз өз кәсібіңмен айналысуға болады. Тек 14 жаста бизнеске кіріскен балалар үшін бірқатар шектеулер бар.  

Сөз соңында, отандық валюта бағамына тоқталайық. Қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша, доллар 428 теңге 87 тиын, еуро 503 теңге 11 тиын, рубль 5 теңге 54 тиын.

Хабар 24 телеарнасы