427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел бойынша арзан ПТР-тест қайда бар?

  • 148
  • UPD: 09:04, 16.10.2020
Ел бойынша арзан ПТР-тест қайда бар?

Қазақстанда ПТР тест бағасы 22%-ке төмендеуі мүмкін. Бұл нарықтағы зерттеуге қазетте заттардың арзандауымен байланысты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп хабарлаған. Тарифтер айдың соңына дейін реттеледі. Ал Қазақстан өңірлерінде ПТР тест қазір қанша тұрады?

Түркістанда ПТР-тест құны 11500 теңге. Қарағандыда зертханалық тексеру 12320 теңге тұрады. Шымкентте коронавирусты ПТР-тест арқылы анықтау үшін 13800 теңге керек. Ал Павлодарда ПТР тест 14000 теңге тұрады. Елордалықтар инфекцияның бар жоғын анықтау үшін ПТР-тестке 15400 теңге төлейді. Ал Талдықорғанда ПТР-тест бағасы 17000 теңге.

Елімізде құрылыс компаниялардың саны екі есе қысқарды. Оған шекарадағы шектеулер, экономикалық ахуал және жалпы карантин себеп болып отыр. Бұл туралы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов хабарлады. Биыл тапсырылуы тиіс болған баспаналардың құрылыс мерзімі  2-3 айға ұзарған. Ал енді салына бастаған нысандардың жұмысы жарты жылға дейін шегерілуі мүмкін. Дегенмен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында төртінші дәрежелі баспана құрылысы белсенді жүріп жатыр. Бұл ипотекалық бағдарламалармен алуға келетін эконом санаттағы үйлер. Биыл оларға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке өсті. Бірақ сарапшылар мұндай баспаналардың сапасы төмен екенін айтады. Жекелеген өңірлерде ғана емес, тұтас ел аумағында осындай жағдай. Ал жылжымайтын мүлік бағасына келсек, соңғы сегіз айда барлық санаттағы баспаналар 10 процентке арзандаған. Дегенмен, зерттеулер халықтың төлем қабілеті төмен екенін айғақтайды. Сондықтан, баспаналардың басым бөлігі несиеге рәсімделеді. 

Ал енді пандемия салдарынан табысы өскен сала жайында сөз болмақ. Сегіз айда сақтандыру секторының таза кірісі 88 милиард теңгеге жетті. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы осындай ақпарат берді. 2020 жылдың көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 71%-ке жоғары. Табыстың негізгі бөлігі инвестициялық  қызметтен түскен. «Халықтың қашықтан жұмыс істеуге көшкеніне  қарамастан сақтандыру төлемдерінің көлемі бұрынғы деңгейде» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы