423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құс тұмауы: фабрикаларды қалыпқа келтіруге екі млрд теңге керек

  • 272
  • UPD: 11:47, 22.10.2020

Құс тұмауынан қатты зардап шеккен төрт фабриканы қайта аяқтан тұрғызу үшін 2 миллиард теңге керек.

Яғни кәсіпорындардың жұмысын нольден бастауға тура келеді. Ал оларға берілетін өтемақыны тауықтың өңірдегі бағасын салыстырып, арнайы комиссия белгілейді. Енді осы тұста түсініспеушілік бар. Құс өсіру саласындағы қос қауымдастық вирустан 4 фабрикада біржарым миллион бас құс қырылды дейді. Ал бірер күн бұрын ғана ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров үш фабрикада 800 мың құстың жойылғанын айтты.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божконың айтуынша, Солтүстік Қазақстандағы бір фабриканың өзінде 500 мың құс қырылды. Кей фабрикалар өлген құсты министрлік өкілдері келем дегенше жойып жіберген. Сондықтан олар санаққа қосылмай қалып отыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі Арқалық құс фабрикасындағы тауықтың жартысы асфексиядан өлді дегенді айтады. Ал кәсіпорын өкілдері тауықтың қырылуына құс тұмауы себеп болғанын алға тартады. Қалай болғанда да фабрикалар мемлекет тарапынан берілетін өтемақыға үміт артып отыр. 

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында бройлер балапан өңірлерде қанша тұратынын салыстырамыз. 

Қазақстан бойынша бройлер балапанның еті Ақтауда арзан. Мұнда келісі 850 теңгеден. Ал елордада 950 ден саудаланады. Қостанай тұрғындары бір келі тауық етін мыңнан алады. Петропавлда да баға сондай. Қызылордада 200 теңгеге қымбат. Алматыда бір келі бройлер балапан мың екі жүзден

Жаңа технологиялардың өркен жаюы 2025 жылға қарай әлемнің ең дамыған 26 елінде 85 миллионнан астам тұрақты жұмыс орнының қысқаруына әкелуі мүмкін. Бұл туралы «Зэ фьючэр оф Джобс 2020» (("the Future of Jobs 2020")) Дүниежүзілік экономикалық форумының баяндамасында айтылды. Дей тұрғанмен, дәл осы аралықта Ай Ти технологиялар саласында шамамен 97 миллион жұмыс орны да ашылуы мүмкін екен.

Айта кетейік, аталған баяндама 300-ге жуық компанияның топ-менеджерлері қатысқан сауалнама деректеріне негізделіп жасалған. Жалпы сарапшылардың дерегінше, қазір компания жетекшілерінің 84 проценті жұмыс процесін сандық форматқа көшіру жағын жылдамдатуды көздейді. Ол үшін қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшірілмек екен. Алайда кей сарапшылар мұндай жағдай еңбек өнімділігіне теріс әсер етеді дейді. 

Енді валюта бағамына тоқталайық. Қазақстан қор биржасында АҚШ тың бір доллары 427 теңге 96 тиынға тең. Еуро 501 теңге 70 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 55 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы