423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда шағын несие беру тәртібі өзгерді

  • 313
  • UPD: 12:46, 27.10.2020

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берешекті сотқа дейін төлеу әдісін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары микроқаржылық ұйымдар Қаржы реттеушісі мекемелер мен Ұлттық Банктің жіті бақылауында. Елімізде карантинге дейін ломбардтарға, онлайн-несие берушілерге қойылатын талаптар күшейтіле бастады. Мұның бәрі саланы реттеуге бағытталған.

Микроқаржы ұйымдарының қызметіне өзгерістер енгізілді

Енді микроқаржылық ұйым қарыз алушыға төлем мерзімі кешіктірілгені туралы борышы тіркелгеннен бастап, 15 күннен аспай хабарлауы тиіс. Өз кезегінде, клиент 30 күн ішінде қарызды төлеу үшін оларға өтініш беруге құқылы. Осыдан кейін микроқаржылық ұйым өтінішті қарайды және қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды. Егер қарыз алушы өтініш бермесе немесе келісімге келмесе, микроқаржылық ұйым қарызды нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп ала алады. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, көп жағдайда несие беруші клиентке берешекті сотқа дейін төлеп, жағдайды реттеуге мүмкіндік бермейді. Ал төлем уақыты кешіктірілсе, бірден мәжбүрлеп өндіріп алуға тырысады. Бұл саладағы әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеледі.

«Баспана хит» бағдарламасының шарттары өзгерді

Енді «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйден баспана алуға болады. Бұрын құрылысы аяқталмаған үйлерден ипотека рәсімдеу заңмен тыйым салынған. Бірақ бұл ереже өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық банк «Баспана хит» бағдарламасының тұтынушыларына қазірден бастап жаңа шекті бағамен ипотека рәсімдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қорының баспасөз қызметі хабарлады. Қаулы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жаңа тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Ал Шымкентте бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құнын 25 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін өседі. Басқа аймақтар үшін баспана құнын 15 млн теңгеге дейін көтереді. Банктердің жаңа шартармен қашан өтініш қабылдайтыны әлі белгісіз. Жалпы «Баспана хит» бағдарламасы бойынша биыл 44 мыңнан астам өтінім мақұлданды, оның ішінде 35 мыңнан астамына қарыз берілді.

Нарықтағы баға

Алматыда бір бөлмелі пәтер құны – орта есеппен 12 миллион теңге. Нұр-Сұлтанда мұндай баспаналардың құны 10 миллион 500 мың теңгеден басталады. Шымкентте олар 10 миллион төңірегінде. Ал Көкшетауда бір бөлмелі пәтер бағасы 9 миллион теңгеден жоғары. Өскемендегі осындай пәтерлер 8 миллион теңгеден бастап сатылады. Оралда олар 7,5 миллион теңге тұрады. Тұрғын үй нарығындағы ең арзан бір бөлмелі пәтерлер Ақтөбеде 7 миллион теңге.

Алматы 12 000 000 теңге

Нұр-Сұлтан 10 500 000 теңге

Шымкент 10 000 000 теңге

Көкшетау 9 000 000 теңге

Өскемен 8 000 000 теңге

Орал 7 500 000 теңге

Ақтөбе 7 000 000 теңге

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9% деңгейінде сақтап қалды. Сыртқы нарықтардағы тұрақсыздық жылдық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермей отыр. СOVID-19 инфекциясының екінші толқыны салдарынан әлемдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуі бірқалыпты емес деп хабарлайды Ұлттық Банк. Бұдан бөлек, мұнай нарығы күнде құбылып, әлемдегі геосаяси тәуекелдер өсуде.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 429 теңге 59 тиын, еуро 507 теңге 30 тиын, рубль 5 теңге 62 тиын.

Хабар 24 телеарнасы