424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы екі есе көбейген

  • 161
  • UPD: 11:13, 03.11.2020

Мұнай арзандады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Brent маркалы мұнайдың баррелі төмендеп барады. Бұған өз кезегінде Еуропадағы локдаун да әсерін тигізіп жатыр.

2 қарашада сауда-саттықтың ашылуында Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы күрт төмендеп, бір баррель үшін 37 АҚШ долларын құрады. Brent маркалы мұнай жалпы айтқанда 2,11 процентке арзандады. Еуропадағы коронавирустық шектеулердің жаңа толқыны жанармайға деген сұранысты төмендетеді деген қорқыныш осылайша мұнай бағасының арзандауына алып келді. Нарықтар бұдан бетер жағдайға да дайындалып жатыр. Себебі қазір әлемде саяси жағдайлар тұрақты емес.

Рубль әлсіреп жатыр

Дамушы елдердің валюталары да нығайып жатқан жоқ. Ресей рублі әлсіреді. Не керек, коронавирустың екінші толқыны әлемдік нарыққа қатты әсер етіп жатыр. Жаһанда сырқаттанған адамдар саны 46 жарым миллионға жетті. Германия мен Франциядағы локдауннан кейін Ұлыбританияда жаңа шектеу шараларының енгізілетіні жарияланды. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ-тағы президент сайлауы да жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін. Себебі елдер арасында текетірес. Ал егер Құрама Штаттардың билігіне Джо Байден келсе, ол Мәскеуге санкцияны күшейтпесе жеңілдетпейді, дейді мамандар. Ол өз кезегінде рубльдің құлдырауына алып келмек. Бірақ әзірге белгісіз, кімнің президент болары. Бір анығы, Байденді қолдап отырғандар да аз емес.

Елде ипотекалық қарыз көбейді

Ел тұрғындары үйге деп банктерден қарыз алуды екі есеге көбейткен. Ұлттық банктің мәліметінше, өткен 9 айда қаржы ұйымдары ипотека үшін азаматтарға 2 трлн теңгеден көп қаражат берген. Ал бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 460 миллиардқа көп. Осылайша қазақстандықтардың ипотекалық берешегі 28 процентке өскен. Көбіне үйлер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстанда көп рәсімделген. Ал Солтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Түркістан облысында керісінше тұрғын үй үшін банктен қарыз алғандар аз.

Әлемде ақша аударымдарының көлемі азайды

Бізде ипотека рәсімдеп жатқандар көбейсе, пандемия кесірінен әлемде ақша аударымдары керісінше азайып жатыр. Дүниежүзілік банктің дерегінше жаһандағы мигранттарының отандарына оралуы айналымдағы ақшаның кемуіне алып келген. Болжаммен жыл соңына дейін транзакциялар 7 процентке немесе 508 миллиард долларға қысқарады. Ал келер жылы тағы жеті жарым процентке азайуы кәдік. Ақша көлемі көбіне Еуропа мен Шығыс Азияда кемуі мүмкін.

Нарықтағы баға

Сонымен Қостанайда құрманың келісі – 320 теңге. Шымкентте – 350 теңге. Қызылордада 400 теңге тұрады. Талдықорғанда да баға Қызылордамен бірдей. Ақтауда құрманың келісі – 500 теңге. Алматыда – 550 теңге. Оралда 600 теңгеге алуға болады. Өскеменде – 450 теңге. Атырауда да осы шамада. Ал елордада құрманың бір келісі – 650 теңге.  

Әдеттегідей соңында валюта бағамына тоқталайық. Доллар кешеден бері тағы екі теңгеге қымбаттады. Сонымен Ұлттық банктің мәліметінше, АҚШ-тың бір доллары бүгін 434 теңге 58 тиын, Еуро 505 теңге 81 тиын, рубль 5 теңге 41 тиын.

Хабар 24 телеарнасы