422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы ірі 10 кәсіпорын 18 500 адамды жұмыстан қысқартпақ

  • 230
  • UPD: 11:02, 06.11.2020

Отандық нарықта кез келген көлденең көк атты шағын несие беру немесе ломбард ретінде жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай қызметті қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде тіркелгендер ғана жүргізеді. 3 қарашадағы мәліметке қарағанда агенттікке мыңнан астам компания тіркелген.

Егер шағын қаржы ұйымдары мен ломбардттар агенттіктің талабына сай екенін дәлелдеп, құжат тапсырмаса, сот арқылы жұмысына шек қойылады. Бұл тұтынушыларды сақтандыру мақсатында жасалып жатыр дейді мамандар. Сондықтан заңсыз жұмыс істеп жатқан қаржы ұйымына немесе ломбартқа тап болмау үшін азаматтар жүгінетін шағын қаржы ұйымның агенттік тізімінде бар жоғын тексергені абзал.

Микроқаржы ұйымдарына 38 млн теңге айыппұл салынды

Елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарына 38 миллион теңге айыппұл салды. Олардың барлығы қарыз беру кезінде агенттік бекіткен талапты орындамаған немесе келісмімді мүлде қате жасаған. Соңғы тоғыз айдың өзінде агенттік 90 микроқаржы ұйымын әкімшілік жауапқа тартты. Көп жағдайда қаржы ұйымдары жылдық үстемені дұрыс есептемеген. Арасында қарыз алушының деректерін несие бюросына жібермегендер бар. Мәліметтерге қарағанда бүгінде елде әлі 2 мыңдай микроқаржы ұйымы агенттікте тіркелмеген.

Айта кетейік, жаңа ереже бойынша микро қаржы ұйымдары үстеме пайызды агенттік бекіткен шектен асырмауы тиіс. Сондай-ақ жарғылық капиталдың сомасы артқан. Осыдан кейін Қазақстан нарығында сатылымға қойылған микроқаржы ұйымдарының саны көбейген.

Кәсіпорындар 3400 жұмысшыға 1 млрд теңге қарыз

Елде еңбек келісімшарттарын есепке алатын бірыңғай жүйе жасалуы керек. Мұндай бастаманы парламенттің жоғары палатасының депутаттары көтерді. Халық қалаулыларының айтуынша, бұл жүйе жұмыстан босаған адамдардың санын біліп, олардың басқа жерге орналасқан-орналаспағандығын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорындардың өз жұмысшысына жалақыны уақтылы төленуін қадағалай алады. Мәліметтерге қарағанда бүгінде елде үш мың 400 ден астам адам жалақысын ала алмай жүр. Кәсіпорындардың жұмысшыларға жалпы берешегі 1 миллиард теңгеден асады. Ең сорақысы кейбір кәсіпорындар қарызды мүлде өтей алмайды немесе банкротқа ұшыраған. Мәселен жұмысшыларына 536 миллион қарызы бар 50 кәсіпорынның 42-сі бүгінде жұмыс істемейді. Бұдан бөлек тағы 16 кәсіпорын жұмысшыларына 115 миллон берешегі бар. Бірақ оны өтеуге еш мүмкіндігі жоқ. Сондықтан депутаттар қиын жағдайға тап болғане кәсіпорындарды бақылап, олардың жұмысшылар алдындағы берешегін түгел өтеуін қадағалау керек дейді.

18 мыңнан астам жұмысшы қысқарады

Еліміздегі ірі 10 кәсіпорын жыл соңына дейін 18 мың 500 адамды жұмыстан қысқартпақ. Бұл – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген ресми ақпарат. Шын мәнінде қысқаратындар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сондықтан жергілікті әкімдіктер жұмыстан босаған азаматтарды қайта еңбекке тартудың жолдарын қарастыруы керек. Мәліметтерге қарағанда елде 440 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр. Биылдың өзінде компанияларды оптимизациялау аясында 233 кәсіпорында 1 миллион 200 мыңдай адам қысқарған.

Электр қуатымен жүретін көліктің саудасы қызып тұр

Биыл әлемде сатылған темір тұлпардың 3 проценті электр қуатымен қозғалатын көліктің үлесінде. Бұл туралы халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдеді. Олардың айтуынша, биыл бірінші тоқсанда автомобиль саудасы 32 процентке кеміді. Салыстыру үшін айтайық. Былтыр әлемдік нарықта 75 миллион көлік саудаланған. Сарапшылар биыл жыл соңына дейін 62 миллион сатуды жоспарлап отыр. Сатылым бойынша, 1-жарты жылдықта Тайота маркасы алдыңғы орында. Үздік үштікке Volkswagen Group пен Renault Nissan Alliance автоконцерндерінің өнімі кіреді. Автонарық саудасы төмендеу болғанымен электрокардың саудасы тоқтамады. Яғни былтырғы деңгейді сақтап қалды. Тіпті наурыз айында АҚШ-та электркөліктерінің саудасы 0,6 процентке, Қытайда 0,8 процентке өскен. Айта кетейік, әзірге әлемдегі 17 мемлекет 2050 жылға дейін жанармаймен жүретін көліктен мүлде құтылуды жоспарлап отыр. Ал Франция бұл межеге 2040 жылы жетуге ниетті. Олар бұл жоспарды заңмен бекіткен.

Қазақстан 862 мың тонна бидай мен ұн экспорттады

Қазақстан шет елдерге 862 мың тонна бидай мен ұн экспорттады. Оның 617 мың тоннасы бидай күйінде, ал 164 мың тоннасы ұн күйінде сатылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда қазақстандық бьидайдың 327 мың тоннасы Өзбекстанға сатылған. Ауғанстанға 230 мың, Тәжікстанға 150 мың тоннасы экспортталды. Қазақстан арпасының барлығын Иран сатып алған.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров, биыл елде жоғары сапалы өнім жақсы болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстанның шет елдерге 7-8 миллион тонна бидай мен ұн экспорттауға мүмкіндігі бар.

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары – 432 теңге 15 тиынға тең. Еуро – 509 теңге 72 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 56 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы