425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда тұрғыны бір аптада жиырма несие алған

  • 256
  • UPD: 11:56, 10.11.2020

Елорда тұрғыны бір аптада 20 несие алған. Ол қарызын екінші деңгейлі банктерде және онлайн қаржы ұйымдарында рәсімдеген.

Бұл заңсыз үстемені азайтып, азаматтарға қарызын төлеуге көмектесетін компанияда қаралған істердің бірі. Олар микроқаржылық ұйымдардың әрекетіне сот және медиация арқылы ықпал етеді.

Мекеме басшысы Самал Абаеваның айтуынша, компания үш жылда 20 мыңнан астам адамға жәрдемдескен. Дегенмен, заңды кедергілерді айналып өтіп, онлайн несиеге үлкен проценттер қосатын микроқаржылық ұйымдар жоқ емес. Саланы реттейтін заңға өзгерістер енгізілгенге дейін мұндай мекемелер ортақ реестрде тіркелмеген. Яғни Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында болмаған. Олар қарыз алушының төлем қабілеттілігі туралы, тағы қандай қарыздары бар екендігін тексермеген. Тіпті зейнетақы жинақтары жайында да ақпарат алмаған. Сондықтан кейбір азаматтар бір уақытта бірнеше несие рәсімдеген. Бірақ агенттік талаптарды күшейткеннен кейін микроқаржылық ұйымдардың қызметіндегі заң бұзушылықтар азайды дейді компания басшысы. 

Самал Абаева, заңдық қызмет көрсететін компания басшысы:

- Қазақстанда адам басына 3-4 несиеден келеді. Бұл несие бюросында тіркелген ақпарат. Көбіне клиенттеріміз бір қарызын жабу үшін екіншісін алады. Бірақ іс жүзінде бұл жұмыс істемейді. Өйткені өсімпұлы үлкен. Статистикаға сәйкес, 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі микронесиеге 100-150 мың теңге үстеме қосылады.

Хабар 24 телеарнасы