422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Індет кезінде қазақстандықтар бал тұтынуды арттырды

  • 214
  • UPD: 11:00, 13.11.2020
Індет кезінде қазақстандықтар бал тұтынуды арттырды

Қазақстандықтар балды бұрынғыдан көбірек тұтына бастады. Пандемия енгізген өзгеріс бұл.

Бұған дейін әрбір отандасымыз жылына 60 грамм ғана өнімді тұтынатын. Сұраныс артқанымен өндіріс бәсеңдеді. Елдегі карантиндік шектеулер маусымға кедергі келтірген.

Омарташылар одағы президентінің орынбасары Ғабит Нұрәділовтің айтуынша, биыл 5000 тонна бал өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3000 тоннаға кем. Бірақ ішкі нарық тәттіден құр қалған жоқ. Десе де, өнімнің азаюы мен сұраныстың көбеюі бағаның 25 процентке артуына алып келді. Қазір елдегі ара өнімінің орташа құны 2500 теңге. Қытай, Араб елдері және Еуразиялық экономикалық одаққа да отандық өнім жіберіліп жатыр. Асыл тұқымды араларға мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Бірақ қажет жабдықтар мен дәрілер шетелден алынады. Мамандар жағдайға қарай жұмыс істеп үйренді. Нәтижесінде өнімге дефицит болмайтынын айтады. Бүгінде оңтүстік өңірлерде асыл тұқымды аралар реестрі жасақталды.

Хабар 24 телеарнасы