422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда үй арзандауы мүмкін

  • 187
  • UPD: 12:42, 16.11.2020

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы 10 процентке дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшы Анель Мұқатова хабарлады. Бірақ қазірдің өзінде бағаны қолжетімді деу қиын. Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты. Өткен айда елордада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген. Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 процентке қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 процентке аз рәсімделген. Айта кетейін, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі. 

Анель Мұқатова, жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы:

- Елордада өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 процентке аз. Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 проценті ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі. 

Азия-Тынық мұхиты елдері әлемдегі ең ірі еркін сауда аумағын құрмақ. Экономикалық әріптестік туралы құжатқа 15 мемлекет қол қойған. Оларға жаһандық экономиканың 30 проценті тиесілі әрі мұнда екі млрд аса тұтынушы бар. Бір қызығы, бұл Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея арасындағы алғашқы ірі келісім. Сарапшылардың пікірінше, мұндай серіктестік АҚШ пен Қытай арасындағы ұзаққа созылған сауда соғысын тежеуі мүмкін. Оған қоса еркін сауда аумағын құру арқылы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдеріне салынатын баж салығы төмендейді. Осы арқылы індет беті қайтқан соң экономикалық ахуалды реттеу көзделеді. 

Елімізде мұнай отынының өндірісі 12% азайды. Бұл туралы «Энерджипром» хабарлайды. Әсіресе, керосин 36%-ке, мазут 27%, дизельдік отын 6,5%-ке аз өндірілді. Биыл жол битумына көп назар аударылған. Себебі сұраныс артып келеді. Жыл басынан бері жалпы көлемі 9 млн тоннадан аса өнім өндірілген.

Өңделген мұнай өнімдеріне былтырғыдан аз, 600 млрд теңге жұмсалды. Өнімнің дені Атырау, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі.

«Нарықтағы баға» айдары

Бір литр АИ 92 бензині Атырауда 145 тг, Шымкентке 148 тг сатылып жатыр. Қарағандыда 149 тг болса, Қызылордада 150 тг. Өскеменде 152 тг, Нұр-Сұлтанда да осы баға, Павлодардан өнімді 155 теңгеге аласыз. 

Zoom бейнеконференциясы жүйесінің негізін қалаушы Эрик Юаннің байлығы 4,2 млрд долларға азайды. Пандемия кезінде тасы өрге домалаған компания акциялары қарашада 25 процентке құлады. Осы аптада жағдайды сәл реттегеннің өзінде құн 19 процентке төмендеген. Американдық «Форбстың» хабарлауынша, фармацевтикалық алып Pfizer (Пфайзер) өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасының 90 процентке тиімді екенін жариялағалы акциялары бірден шарықтап кеткен. Бұл ұйым қордағы өнімдердің 80 процентін сатып үлгерген. Жалпы S&P 500 индексі бойынша бір аптадағы өсім рекордтық көрсеткішке, яғни 2,2% жетті. Ал Dow Jones 4% артқан. Еске салайын, көктемде ғана Zoom акциялары 5,5 млрд доллар болды. Жазда 11 млрд-қа жеткен, қазандағы көрсеткіш 22 млрд доллардан асса, қарашада керісінше 25% құлады. Америкалық қор нарығындағы ең бай адам Джефф Безостың табысы 9,8 млрд долларға жетсе, Amazon-ның кірісі 5,5% артқан.

[3kase] Енді еліміздегі валюта бағамына тоқталайын. Доллар 430, 52 теңге, еуро 509,13 теңге, Ресей рублі 5,57 теңге.

Хабар 24 телеарнасы