419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЖЗҚ салымшыларға зейнетақы төлемін алу қажеттігін хабарлады

  • 868
  • UPD: 11:50, 27.11.2020

Елордадағы сауда орындарының жұмыс кестесі өзгерді.

Бірқатары демалыста да ашық болады. Бас қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар сенбі күні де жұмыс істейді.

Бетпердемен жүру, әлеуметтік қашықтықты сақтау, термометрия, антисептик пен санитайзердің болуы шарт. Сауда нысандары сенбі күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бірақ мониторингтік топ өкілдері шектеу шаралары бұзылғанын анықтаса, мұндай нысандарға сенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынады. Ал жексенбіде ше? Аптаның жетінші күнінде бұрынғыдай барлығы жабық болады. Жұмыс күндерінде сауда нысандары кесте бойынша 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істей береді.

БЖЗҚ салымшыларға зейнетақы төлемін алу қажеттігін хабарлады

БЖЗҚ өз салымшыларына зейнетақы төлемін алу қажеттігін хабарлады. Қорда зейнетақы жинақтары бар және төлемдерін алуға өтініш білдірмеген азаматтар ақшаларын алуға құқылы. Қор әсіресе 59 жасқа толған әйелдерге басымдық беріп отыр. Егер олар төлем алуға жыл соңына дейін өтініш қалдырмаса, одан соң 60 жасқа толғаннан кейін ғана жүгіне алады. Бізде әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып келеді және ол 2027 жылы ерлермен теңеседі. Атап өтейік, мамандар осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін азаматтардың қорға хабарласып немесе сайтқа кіру керектігін жеткізді.

Ауылдағы ағайынның зейнетақы қорындағы ақшасы неге аз?

Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуде назар аударатын мәселе көп. Әсіресе ауылда тұрақты жұмыс орындарының болмауынан, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендігінен, жалақының аздығынан елді мекендерде жұмыс істейтіндердің зейнетақы қорындағы қаражаты аз. Қорға ауылдағы жұмысшылардан түсетін қаржы көлемі жылдан жылға азайып барады. Мұны Үкімет басшысына жолдаған сауалында Сенат депутаты Әли Бектаев мәлімдеді. Негізгі себеп – ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстардың дені маусымдық. Көп адамның еңбек өтілі 20-25 жылға жетпейді. Оның үстіне сонау 90 жылдары асығыс жасалған жекешелендіру кезінде кеңшарлардың қаншама құжаты мұрағатқа өткізілмей, ауыл адамдарының еңбек кітапшасымен бірге еңбек өтілі де жоғалған. Мұның бәрі олардың зейнетақысының көлеміне кері әсерін тигізері анық. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде ең төмен зейнетақы алатындар да, болашақта тағы біраз ақшадан қағылатындар да сол ауыл тұрғындары болмақ. Жұрт қатарлы зейнетақы қорының бір бөлігін алып, пайдалана алмайтындар да тағы ауылдағы ағайын болуы мүмкін. Сондықтан 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы қайта қарау керек.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Мен жақында 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы тұжырымдаманың жобасымен таныстым. Ашығын айту керек, аты дардай болғанымен бұл тұжырымдамадан ешқандай жаңалық көрген жоқпын. Ондай тұжырымдаманы мүлдем қабылдауға болмайды. Жаңа қабылданатын тұжырымдама, ауыл тұрғындарының зейнетақысы бойынша жаңа стандарттарды белгілейтін, ауыл еңбеккерлерінің зейнетақы жинақтарын көбейтудің, оларды кепілдендірудің жолдарын қарастыратын құжат болуы керек.

Сонымен картоптың бір келісі – Өскеменде 120 теңге. Көкшетауда Өскеменге қарағанда 10 теңгеге қымбаттау. Ал Қостанайда 110 теңге. Таразда 120 теңгеге алуға болады. Талдықорғанда 140 теңгеден сатылып жатыр. Түркістанда да баға Талдықорғандағыдай. Ал Шымкентте картоптың келісі – 160 теңге.

Енді валюта бағамына тоқталайын. Америка ақшасы бірнеше күннен бері арзандап жатыр. Сонымен Ұлттық банктің сайтында АҚШ-тың бір доллары бүгін 422 теңге 4 тиын болып тұр. Еуро 502 теңге 78 тиынға тең. Ал рубль 5 теңге 59 тиын.

Хабар 24 телеарнасы