419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2030 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 млн-нан асады

  • 279
  • UPD: 10:42, 30.11.2020

2030 жылға қарай Қазақстандағы халық саны 11% өсіп, шамамен 20 миллион 600 мыңнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай демографиялық болжам жасады. Орталықтың ақпаратына сәйкес, тұрғындар саны бір милионнан асатын өңірлер саны да артады.

10 жылдан кейін Алматы және Түркістан облыстарындағы адам саны 2 миллионға жетеді. Ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 1 миллионнан астам тұрғын болады. Сарапшылардың болжамы осындай.

2030 жылға қарай мегаполистер саны артады

Демографиялық көрсеткіштер өскенімен, қала мен ауыл тұрғындарының саны теңеспейді. Болжамдарға сәйкес, он жылдан кейін қалада 13 миллионға жуық адам тұрса, 8 миллион қазақстандық азамат ауылды жерде өмір сүреді. Ал жалпы халық санының үштен бір бөлігі ірі қалаларда шоғырланады. Мамандардың айтуынша, осы уақыт аралығында Алматы және Түркістан облыстарында 2 миллион адамнан тұрады. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 1 миллионнан астам тұрғын болады. Сараптамаға сәйкес, елімізде жастар көбейеді. Мысалы, Түркістан облысы 2030 жылы жас тұрғындар бойынша көшбасшы болады. Өңірдегі жастардың саны жарты миллион адамды құрайды. Сарапшылар үштікке Алматы облысы және Алматы қаласын кіргізген. Сонымен бірге мамандар ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан жастарының үштен екісі қалаларда тұрады және ұлдар қыздардардан көп болады деп санайды.

Қазақстандық банктер экономиканы несиелендіруді ұлғайтқан

Жыл басынан бері қазақстандық банктердің экономиканы несиелендіру көлемі 4 процентке ұлғайды. Оның ішінде ипотекалық несиелер көбейіп, ал тұтынушылық мақсаттарға жаңадан берілген кредиттер азайған. Мамандар мұны тұтынушылық несиелендіру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шектеулермен байланыстырады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Жалпы жыл басынан бері заңды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілерді несиелендіру көлемі өскен. Сонымен қатар банктердің жеке тұлғаларға да берген қарызы артты. Сараптама қазан айында тіркелген деректерге сай жасалған.

БАӘ мұнай кен орындарының ашылғанын жариялады

Біріккен Араб Әмірліктері 22 миллиард баррель мұнайы бар кен орындарының ашылғанын жариялады. Мұндай көлемді Ресей, АҚШ немесе Сауд Арабиясы алты жылда өндіреді. Жаңа кен орындары Біріккен Араб Әмірліктерінің қорын 20 процентке арттырады. Бұрын олардың  қара алтын қоры 100 миллиард баррельден асқан. 19 қарашада Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ форматындағы мұнай келісімінен шығамыз деп мәлімдеген. Ал жаздың соңында әмірліктер мұнай өндірісін шектеу бойынша міндеттемелерін өз еркімен бұзды.

Карантин басталғалы қарақұмық 27% қымбаттаған

Карантин енгізіліп, шекарадағы шектеулер көбейгеннен бері кейбір азық-түлік түрлері қатты қымбаттады. 2020 жылдың наурыз-қараша аралығында елімізде нан, ұн, жарма, сүт және сүт өнімдері, қант, күнбағыс майы, еттің барлық түрлеріне, бағаның өсуі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы LS сараптама агенттігі хабарлады. Осы уақытта тек кейбір көкөністердің бағасы төмендегені байқалады. Ал дәнді-дақылдар құны бірмашама өскен. Оның ішінде қарақұмық 27 процентке қымбаттады.

Қостанайда бір келі қарақұмық 420 теңге тұрады. Өскеменде дәнді-дәқылдың бұл түрі – 440 теңге. Қарағандыда аталмыш тауар құны 420 теңге төңірегінде. Ал Шымкентте қарақұмықтың бір келісі 400 теңге тұрады. Нұр-Сұлтан дүкендерінде қарақұмықтың құны – 460 теңге.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 423 теңге 87 тиын, еуро 505 теңге 25 тиын, рубль 5 теңге 59 тиын.

Хабар 24 телеарнасы