419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халыққа мемлекеттік бағдарлама бойынша үй беріліп келе жатқанына 15 жыл толды

  • 704
  • UPD: 11:44, 16.12.2020

2021 жылы еліміздегі тұрғын үй бағасы қайта өседі. Мамандар әсіресе элит, бизнес және комфорт санаттағы жаңа үйлердің қымбаттайтынын айтады. Ал арзан баспана бағасы алғашқы жарты жылдықта бұрынғы деңгейде қалады. Жылжымайтын мүлік Федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, импорттық жабдықтарға тәуелді болған соң жаңа пәтерлердің құны қазірдің өзінде сәл қымбаттаған. Дегенмен, азаматтар көбіне эконом-класс бойынша келісім жасайды. Сорақысы, екінші нарықтағы баспана құны негізсіз өсіп отырады. Ермек Мүсірепов үй иелерінің бағаны доллар бағамына қарай көтеретінін айтады.

Қазір ел аумағындағы жылжымайтын мүліктің орташа құны қанша?

«Нарықтағы баға» айдары.

- Ең қымбат баға Алматыда. Алматыда 454 725 тг, астанада үйдің бір шаршы метрі 346 475 тг, Шымкенттегі баға 295 000 тг, ал Өскеменде 275 925 тг, Қостанайда 243 750, Көкшетауда 247 650 тг болса, Ақтау 198 125 тг, Талдықорғандағы баға 246 000 тг болса, Петропавлда 281 350 тг, ал Ақтөбегі шаршы метр 172 250 тг-ден басталады.

Биыл Қазақстанда 15 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй табысталуы тиіс-тін. Оның 12 млн-нан астамында қоныс тойы тойланған. Бір айтарлығы пайдалануға берілген жылжымайтын мүліктің 90 процентін жеке құрылысшылар салды. Әсіресе Елорда, Шығыс  және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Қарағанды, Түркістан облыстарында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері салаға 2 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылыпты. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Қолжетімді баспана демекші, тиімді несиелік бағдарламалар арқылы 39 мыңнан аса отбасы өз шаңырағына көшеді. Мемлекеттік қолдау аясында тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылып жатыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында отандық фермерлерге 120 млрд теңгеден аса несие берілді. Қарыздың дені қостанайлық шаруаларға тиген. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттің техника, жабдықтар мен жануарларды сатып алуда несие мен лизинг үшін 10 проценттік сыйақы мөлшерлемесімен субсидия беретінін жеткізді. Соңғы бес айда екінші деңгейлі банктер қарыздарды кепілдендірудің жаңа тетігін іске қосты. Қазір елдегі қарыздарға кепілдік беру мөлшері 50%, ал басым жобалар бойынша 85% дейін жетеді.

Ал АҚШ-та өткен айда жоспардан көп көлік өндірілді. Сөйтіп жергілікті кәсіпорындар пандемияға дейінгі қуаттылығына аяқ басты. Зауыттардағы жалпы өндіріс көлемі алдыңғы айларға қарағанда 0,8%-ке артқан. Автокөліктер мен автожабдықтар 5,3%-ке көп өндірілді. Бұл соңғы 4 айдағы айтарлықтай көрсеткіш. Мамандар өнімге деген сұраныстың саланы тұрақтандыруға ықпал ететінін айтады. 7 ай бойы экономиканың құлдырауына қарамастан, саладағы жұмыс орындары реттелген. Өндірістік қуаттылық 72%-тен 72,6%-ке дейін артты. Жылдың басында ғана бұл көрсеткіш 77% деңгейінде болған. Капиталдың жетіспеуінен кірістің ақсап жатқаны анық.

Енді еліміздегі валюта бағамына тоқталайын. Доллар 420,1 теңге, еуро 510,56 теңге, Ресей рублі 5,72 теңге.

Хабар 24 телеарнасы