421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биткойн бағасы шарықтады

  • 770
  • UPD: 10:24, 28.12.2020
Биткойн бағасы шарықтады

Өткен демалыста әлемдегі биткойн бағасы үсті-үстіне қымбаттады. Қазіргі құн 28 мың доллардан асқан. Рекордтық көрсеткішке ірі инвесторлардың айрықша қызығушылығы себеп болды.

Сарапшылардың пікірінше, биткойн болашақта долларды ығыстыруы да ғажап емес. Қазірдің өзінде жаһандық нарықта криптовалютаның 71 процентін биткойн құрайды.

Естеріңізде болса, наурызда ғана мұндай валюта бағамы 5 мың долларға түскен. Бірақ қазаннан бері қайта өсіп отырды. Соңғы рет мұндай қарқын осыдан 3 жыл бұрын тіркелген еді. Онда биткойн құны 20 мың долларға жетті. Әзірге өзге криптовалюталар құны тұрақты. Мамандар тәуекелге толы активтерге сұраныстың артуына АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесі мен ірі орталық банктердің әлемдік экономикаға құйып жатқан қыруар қаржысы себеп болғанын айтады.

Елімізде үш мың ломбардтың небәрі жеті жүзі қайта тіркеуден өткен

Хабар 24 телеарнасы