425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда көлік қымбаттай ма?

  • 975
  • UPD: 10:47, 05.01.2021

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісі көлеміне қатысты келісімге келе алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпан айына жоспарланған қара алтын көліміне байланысты Ресей мен Сауд Арабиясының ұстанымы қарама-қайшы болып шықты. Сондықтан мұнай экспорттаушы мемлекеттердің министрлері бүгін тағы бір кездесу өткізеді.

Опек+ елдерінің кезекті кездесуінде қара алтын өндірісіне қатысты пікір қақ айырылды. Мысалы, Ресей ақпан айында мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге ұлғайтқысы келеді. Ал Сауд Арабиясы керісінше, қаңтарға белгіленген көлемді келесі айда да сақтап қалғысы келеді.

Биыл әлемдік экономика 4,4% өсуі мүмкін

ОПЕК+ қатысушы елдердің министрлері ақпан айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 500 мың баррельге арттыру мүмкіндігін талқылауда. Нарықтық бағалардың құлдырау тәуекелдеріне байланысты кейбір мемлекеттер бұған қарсы. Алжирдің Энергетика министрлігінің басшысы егер одақ бұл жолы дұрыс шешім қабылдаса, онда мұнай бағасы жылдың бірінші тоқсанында 50 доллар деңгейінде қалуы мүмкін деп болжады. Ал ОПЕК Бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо қара алтын нарығын белгісіздік пен қауіп-қатерлер күтіп тұр деген пікір білдірді. Дегенмен Бас хатшының болжамы оң. Жалпы сарапшылар биыл қара алтынға әлемдік сұраныс тәулігіне 96 миллион баррельге дейін артады деп күтуде.

Айта кетейік, бұл өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен алты миллион баррельге артық. Оның үстіне, мұнайға сұраныс дамушы елдер есебінен болады. ОПЕК болжамдары бойынша 2021 жылы әлемдік экономика 4,4% өседі. Барлық елдердің ішінен Мұхаммед Баркиндо Қытай экономикасының қарқынды қалпына келуін ерекше атап өтті. Биыл Қытай экономика 7% жуық өседі деп болжануда.

Рекордтық өсімнен кейін биткоин қайта арзандады

Биткоин рекордтық деңгейде өсіп, кейін күрт төмендеді. Бір күнде криптовалюта 15%-тен астам жоғалтты. Осылайша электронды ақшаның бағасы отыз мың доллардан төмен түсті. Бұған дейін бір күн бұрын биткоин 34 мың доллардан асып, барлық рекордты бұзған. Ал тарихи максимум көрсеткіштер бірнеше күн қатарынан жаңартылды. Саладағы сарапшылар криптавалютаның осылай құбалатынын болжаған еді. Сонымен қатар биыл биткоин кем дегенде 50 мың долларға дейін қымбаттайды деген пікірлер бар. Ал кейбір сарапшылар алдағы бірнеше жылда биткоин құны еселеп өсіп, баға үш жүз мың долларға дейін көтеріледі деп санайды. Айта кетейік, америкалық доллардың әлсіреуі мен әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, биткоин алтын сияқты нығая түсті.

Елімізде көлік қымбаттай ма?

Қазақстандық нарықтағы автокөліктер бір жылда кем дегенде 10% қымбаттады. Оның ішінде барлық танымал модельдерге баға өсті. Мысалы, Toyota Land Cruiser 200 жиырма процентке дейін қымбаттады. Бұл туралы Колеса.кз сарапшылары хабарлады. Басты себеп: жаңа көліктерге бағаның өсуі. 2020 жылдың екінші жартысында танымал модельдердің жетіспеушілігі байқалды. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың инфляциялық көрсеткіштері де өсті, жинала келе бүл көлік нарығындағы осындай жағдайға алып келді. Ал биыл жаңа көліктер тағы қымбаттауы мүмкін. Ресейлік өндірушілер қазірдің өзінде металлургия өнімдерінің бағасының күрт өскенін айтып отыр. Металдар орташа есеппен 35-тен 50% дейін қымбаттады. Бұл жеңіл көліктердің өзіндік құнына ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылық техникасына да әсер етеді.

Таразда бір бөлке нан – 85 теңге. Павлодарда ас атасы 105 теңге тұрады. Көкшетауда бір бөлке нан – 110 теңге. Өскемен дүкендерінде де сондай баға. Нұр-Сұлтанда бір бөлке нан 125 теңге. Ал ең қымбат нан Оралда 145 теңге.

Доллар 420 теңге 91 тиын, еуро 516 теңге 79 тиын, рубль 5 теңге 62 тиын.

Хабар 24 телеарнасы