Елімізде шетелдік банк бөлімшесін ашу жолы жеңілдеді

Отандық құс фабрикаларындағы өндіріс тек үш айдан кейін қалпына келеді. Өткен күзде құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпорындар Ресейден балапандарды әкеледі. Қазақстанның Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов хабарлады.

Айтуынша, құс тұмауының таралуы салаға соққы болды. Дегенмен, өндіріске кері әсер ететін басқа да факторлар бар. «Өндірілетін жұмыртқа көлемі ішкі нарықты толық қамтамыз етуге жетеді. Ал делдалдар тауар тапшылығын қолдап жасап, бағаның өсуіне әкеледі»,- дейді одақ басшысы. Сондай-ақ ол құс өнімдерінің негізгі бағасына үстінен 30%-тен 50%-ке дейін қосылатынын атап өтті. Ал негізінде тауар құны өндірушінің бағасынан 20%-тен артық қосылмауы тиіс. Бұдан бөлек мамандар отандық асыл тұқымды құс өндірісінің болмауы да қиындық туғызады дейді. Елге жеткізілетін тауықтар жыл сайын қымбаттайды. Көптеген кәсіпорындарға өндірісті кеңейтуге, тіпті жем сатып алуға айналым қаражаты жетіспейді. Руслан Шарипов жұмыртқа өндірісінің құлдырауын осы себеппен байланыстырады.

Руслан Шәріпов, ҚР Құс өсірушілер одағының президенті:

- Құс шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының 70%-і азыққа байланысты. Олар неғұрлым қымбат болса, баға соғұрлым тез өседі. Саланың дамуы мемлекеттік қолдауға да тәуелді. 2020 жылы жұмыртқа өнімдерін субсидиялау 50%-ке қысқарды. Бұл да өндіріске теріс әсер етті.

«Нарықтағы баға» айдары. Бүгін  жұмыртқа Қазақстан аймақтарында қанша тұратынын айтып береміз.

Қостанайда он дана жұмыртқа 390 теңге. Түркістанда 400 теңге.Павлодарда одан 20 теңгеге қымбат. Петропавлда бұл тауар 435 теңге тұрады.  Алматыда  жұмыртқаның он данасы 450 теңгеден сатылады. Қызылорда дүкендерінде баға бұдан 100 теңгеге жоғары. Нұр-Сұлтанда жұмыртқаның он данасы 550 теңге.

Нарықтағы баға: 10 дана жұмыртқа бағасы

ҚОСТАНАЙ 390 ТГ

ТҮРКІСТАН 400 ТГ

ПАВЛОДАР 420 ТГ

ПЕТРОПАВЛ 435 ТГ

АЛМАТЫ 450 ТГ

ҚЫЗЫЛОРДА 550 ТГ

НҰР-СҰЛТАН 550 ТГ

Шетелдік банктердің ірі қаржы институттары Қазақстан нарығына келеді деп күтілуде. Еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл банк нарығында бәсекелестікті күшейтіп, Қазақстан экономикасының дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар шетелдік банктер өз бөлімшелерін аша алады. Аталмыш қағидат бірнеше мемлекеттік қызметті бір жерден алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеу; оның басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім беру және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруге бағытталады.

2020 жылы азық-түлік тауарлары 11%-ке қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бір жылда нан, ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант сынды күнделікті тұтынатын тауарлардың барлығы қымбаттаған. Оның ішінде ұн 16%-ке, ал  қант пен майдың бағасы 33%-ке өсті. Жармалардың құны 28%-ке көтерілген.

Статистикалық деректерге сәйкес, еліміздегі коммуналдық қызметтер де қымбаттаған. Мысалы, қоқыс шығару қызметінің тарифтері 20%-ке, ал жарық 6,5%-ке көтерілді.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. доллар 420  теңге 78 тиын, еуро 516 теңге 38 тиын, рубль 5 теңге 62 тиын.