22 мыңнан астам адам «Отбасы банкінен» шот ашты

Өткен екі күнде 22 мыңнан астам қазақстандық Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша аудару үшін «Отбасы банкінде» арнайы шот ашты. Егер адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мәселесін шешуге немесе емделуге пайдаланғысы келсе, онда бұл міндетті кезең. Сонымен қатар «Отбасы банктің» салымшысы болсаңыз да осындай шот ашу керек. 

Банктің баспасөз қызметі арнайы шот ашуға уақыт шектеулері жоқ деп сендірді. Шотты ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеу немесе «Отбасы Банк» сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы ашуға мүмкіндік бар. Бұл қызмет түрі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат таңғы тоғыздан кешкі тоғызға дейін қолжетімді.

«Отбасы банк» қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын арнайы шотқа аударуға толық дайын. Тек төлемдерді пайдалану бойынша онлайн-платформаны іске қосу ғана қалады.

Тұрғын үй банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар нормативтік-құқықтық актілердің бекітілуін күтіп отыр. Платформа қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарындағы ақшаны пайдаланудың негізгі құралына айналады. Мұнда жеке кабинеттер құрылып, ағымдағы шоттар ашылады және құжаттарға қол қойылады.

Жанар Жолтаева, «Отбасы банк» АҚ Баспасөз хатшысы:

- Қазіргі кезде біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару мүмкіндігін беретін онлайн платформа дайын тұр. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады. Әзірше біз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қолдануды көздеп отырған тұрғындарымызға өтініш тапсырғанда уақытын үнемдеу үшін арнайы шот ашуды ұсынып отырмыз. Оны ЖССБ мобильді қосымшасының көмегімен я болмаса, сайтымыздағы бейнеқоңырау арқылы онлайн ашуға болады.

Осы орайда «Отбасы Банкі» қазақстандықтарға неге назар аудару керектігін түсіндірді. Өтініш бермест бұрын қолдану мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды ЭЦҚ болуы қажет. Оның көмегімен банк сайтында авторизациядан өтіп, порталдағы жеке кабинетке кіру мүмкіндігі болады. Өтінімдерді толтыруға алдын ала дайындалу керек. Егер сіз зейнетақы шотындағы ақшаға пәтерді рәсімдегіңіз келсе немесе оны медициналық ұйымға аударсаңыз, деректемелерді білу маңызды. Сондай-ақ, баспанаға қатысты сатып алу-сату мәмілелері талап етіледі. Ақша қолға берілмейді. Олар БЖЗҚ-дан аударылғаннан кейін шотта 45 күн сақталады. Осы кезеңде адам қаражатты пайдалануы керек немесе ақша салымшының зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында елімізде сиыр етінің экспорты 26 млн долларды құрады. Осы аралықта 430 мың тоннадан астам ет өнлірілді деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. Өндіріс көлемімен бірге баға да өскен.

«Нарықтағы баға» айдары. Бүгін өңірлергеді сиыр етінің құнын шолып өтеміз. 

Қарағандыда бір келі сиыр еті мың жарым теңге. Ақтөбе өңірінде одан 50 теңгеге қымбат. Ал қызылордалықтар сиыр етін 1800 теңгеге сатып алады. Түркістанда бұл тауар құны 2000 теңге. Қостанайда сиыр етінің келісі 2100 теңге тұрады. Ал Өскеменде сиыр еті басқа облыстарға қарағанда қымбат. Килосы 2800 теңге. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда сүйегі жоқ сиыр етінің килосы 2700 теңге.

НАРЫҚТАҒЫ БАҒА: 1 КГ СИЫР ЕТІ

Қарағанды 1500 тг

Ақтөбе 1 550 тг

Қызылорда 1800 тг

Түркістан  2000 тг

Қостанай 2100 тг

Өскемен 2800 тг

Нұр-Сұлтан 2700 тг

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері жарияланды. Бұл сома шамамен 95 мың теңгені құрайды. Жалпы елде екі миллионнан астам қарт адам тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бір жылда бұл сома шамамен 2,5 триллион теңгені құрайды. Ведомство өкілдері зейнетақы мөлшері азаматтардың жұмыс өтіліне де байланысты тағайындалатынын екенін еске салды.