Мұнай бағасының көтерілуі қай елге тиімді?

Мұнай бағасы тағы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Brent маркалы қара алтынның баррелі 57 доллар тұрады. Баға ақпан мен наурыз айларында мұнай өндірісі көлемін шектеу туралы ОПЕК+ шешімінің аясында өсуде.

Естеріңізге салайлық, аталмыш шектеудің Қазақстан мен Ресейге қатысы жоқ. Қос елде аталмыш кезеңде мұнай өндірісі керісінше ұлғаяды.

Жалпы нарықтағы жағдайға бірден әсер ететін мұнай бағасына қатысты болжам жаман емес. Мысалы, Saudi Aramco сарапшылары осы жылдың соңына қарай мұнайға деген сұраныс толығымен қалпына келеді деп отыр.

Saudi Aramco сарапшылары қара алтынға сұраныс бойынша тек авиация саласы ғана артта қалады деп болжайды. Басқа салаларда биыл шикізатты тұтыну деңгейі бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Қара алтын нарығына ОПЕК+ ұйымының мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімі де оң әсер етуде. Бұдан бөлек, бүгін ұйымның мониторингтік комитеттің кезекті отырысы өтеді. «Қара алтын құнынының сенімді түрде көтерілу себептерінің бірі осы», - дейді сарапшылар. Егер биыл мұнай баррелі 50 доллардан жоғары болса, ТМД елдері арасында Қазақстан ең ұтымды жағдайда болады. Бұл туралы «Ренессанс Капитал» тәуелсіз инвестициялық компаниясының экономистері бұрын өз шолуларында айтқан болатын. Сарапшылар экономиканы дамытудың базалық сценарийі кезінде ұлттық валюта нығаяды деген пікірде. Айта кетейік, базалық сценарий мұнай бағасы 50 доллар болады деген болжаммен жасалған.

***

Қазақстанның кен орындарында мұнай өндірісі артады

Тақырыпты жалғастырамыз. Қазақстанның тек екі кен орнында «қара алтын» өндірісіні ұлғаяды. Мұнай-газ секторының сарапшылары осындай болжаммен бөлісті. Oil & Gaz Analytics телеграмм-каналының авторы Абзал Нарымбетовтың сөзінше, болашақта мұнай өндірісін кеңейту жобасының іске асырылуына байланысты Теңіз кен орнында өсім күтіледі. Онда мұнай өндірісі 60%-ке көтеріліп, шикізат көлемі қырық миллион тоннаға дейін жетеді. Қашағанда алдағы бірнеше жылда өндіріс 20%-ке өсіп, 17 миллион тоннадан асады. Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңа газ зауыты кешенінің пайдалануға берілуі есебінен болады. Ал Қарашығанақта өткен жылдың соңында  мұнай өндірісін ұлғайту жобасы іске қосылғанына қарамастан, алдағы төрт жылда өндіріс 13%-ке қысқарады деген болжамдар бар. «Қалған кен орындарында 2025 жылы қара алтын өндірісі шамамен 5%-ке төмендейді», - дейді мамандар.

***

Мал шаруашылығын субсидиялау қысқарды

Қазақстандық шаруалар субсидия алғанда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Еске салайық, мемлекеттен қолдау алуға өтінім беру әдетте ақпан айынан басталады. Осы тұста айта кетерлігі, бейінді министрлік ауылшарушылығы жануарларын тіркейтін жаңа базаны іске қосты. Ал субсидияға өтінім беретін Qoldau.kz сайты базаның ескі нұсқасымен біріктірілген. Сондықтан сайтта субсидиялау, ірі қара малды сақтандыру, жайлымдарға цифрлық мониторинг жүргізу сынды қызметтер қолжетімсіз. Бірақ «Ет өндірушілер одағының» басшысы Мақсұт Бақтыбаевтың пайымдауынша, бұл жағдай шаруаларға аса кедергі келтірмейді. Өйткені олар өтінімдерді негізінен Субсидиялау ақпараттық жүйесіне жібереді. Ет өндірушілерді басқа мәселе алаңдатып отыр. Бұл мал шаруашылығына бөлінетін мемелкеттік субсидияның қысқаруы. Жалпы «қажеттілік14 миллиард теңге болса, мемлекеттен бөлінетін қаржы бұдан төрт есе аз», - деп атап өтті Мақсұт Бақтыбаев. Сарапшының айтуынша, бұл өнім бағасының одан әрі өсуіне әкелуі мүмкін. Биыл қыста еттің көтерме бағасы орта есеппен 100 теңгеге қымбаттады.

***

Әкімдіктер 10 млрд теңгеден астам қазына қаржысын игермеген

Өткен жылы әкімдіктер 10 миллиард теңгеден астам қазына қаржысын игермеген. «Ранкинг.кз» порталының хабарлауынша, 2020 жылы мемелкеттік бағдарламаларды іске асыруға Республикалық бюджеттен жергілікті әкімдіктерге 2 триллион 200 миллиард теңге бөлінген. Оның 99,4%-і орындалған көрінеді. Ал 13,5 миллиард теңге игерусіз қалған. Қаржының көбі ірі қалалардың басқарушы мекемелеріне тиесілі. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақмола облысының әкімдіктері.

***

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 423 теңге 74 тиын. Еуро 511теңге 24 тиын. Ресей рублі 5 теңге 58 тиын.

Сондай-ақ...