419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық жиһаз шығарушылар тығырыққа тірелді

  • 917
  • UPD: 10:25, 10.02.2021
Отандық жиһаз шығарушылар тығырыққа тірелді

Бұған шикізаттың жесіпеушілігі себеп. Салдарынан көктемде баға аспандап кетуі ғажап емес. Елде ипотекалық несиелеуге сұраныс артқаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған шикізаттың жесіпеушілігі себеп. Салдарынан көктемде баға аспандап кетуі ғажап емес. Елде ипотекалық несиелеуге сұраныс артқаны белгілі.

Шикізаттың жетіспеушілігі бізде ғана емес, экспорттаушы елдерде де байқалады. Тіпті Ресей ағаш өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салмақшы.

Отандық жиһаз өндірушілер былтырдан бері материал тапшылығын сезініп отыр. Өйткені елде шикізат жоқ. Қажет жабдық түгелдей Ресей мен Беларусьтан алынатын. Ал көршілес кәсіпорындар күзден бері нығыздалған ағаш жаңқасының бағасын екі есе көтеріп жіберген. Бұл туралы жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев айтты. Ол бір жылда тауар тасымалы 10 мың тоннаға дейін азайды дейді. Енді сарапшы көктемде дайын өнімнің құны 35, тіпті 50 процентке дейін қымбаттайтынын болжап отыр. Оның үстіне қазір Ресей билігі нығыздалған ағаш жаңқасының экспортына тыйым салмақ. Тығырыққа тірелген кәсіпорындарға қолдау көрсетпесе, банкротқа ұшырауы бек мүмкін. Қазірдің өзінде жиһаз шығарушылардың 60 проценттен астамы көлеңкелі нарыққа ауып кеткен. Олар мемлекеттік сатып алудан гөрі бөлшек саудаға ден қойып отыр. Бүгінде 900 кәсіпкердің 300-і ғана мемлекетке салық төлейтін көрінеді. Қанат Ибраев мемлекеттік бағдарламалар енді орындалмай қала ма деген күдігін жасырмайды. Себебі олар былтырғы бағамен рәсімделген. Ал қазіргі баға мүлде басқа дейді сарапшы.

Қанат Ибраев, ҚР жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті:

– Мемлекет кәсіпорындарды қолдаса екен. Мысалы, Ресейдегі ағаш өңдеу комбинаттарының бірін орман учаскесімен бірге сатып алуға тырысу қажет. Тіпті болмаса, Қазақстан үшін кепілдендірілген квоталық режим енгізсе жақсы болар еді. Үкімет деңгейінде келісім жасалса деген ұсынысымыз бар. Дегенмен бұл жағдайда да логистика мен баға тұрақты болмасы анық.

Павлодарда жиһаздың тиісті өлшемі 80 мың теңгеден басталады, Ақтөбеде 90 мың теңге, ал Нұр-Сұлтанда 100 мың теңгеге барады, Петропавлда да осы баға. Оралдағы құн 110 мың теңге, Шымкентте 110 мың теңге болады.

Сыртқы қарыз бір жылда 8 млрд доллардан асты

Еліміздің сыртқы қарызы 161 млрд долларға жуықтады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 152 млрд доллар болған. Ұлттық банктің департамент директоры Азат Өскенбаевтің айтуынша, бұл ЖІӨ-нің 90 процентіне тең. Бірақ қарыздың 80% жуығы жеке ұйымдарға тиесілі. Яғни бұл сома мемлекеттік бюджет не халық есебінен төленбейді. Ал мемлекеттік қарыз 13 млрд доллардан асады. Бұл жалпы қарыздың 8 проценті. Квазимемлекеттік сектордың берешегі – 20 млрд доллар. Мамандар халықаралық тәжірибеде мұның қауіпсіз деңгей екенін айтады. Бүгінде еліміздің сыртқы активтері 43 млрд долларды құрайды. Демек алғанымыздан бергеніміз көбірек болып тұр.

Мемлекеттік қарызды түгел жоюға бола ма?

Ал Еуропа орталық банк балансындағы мемлекеттік қарызын түгел жоймақ. Ол үшін борышкерлер төлеуі тиіс қаржыны жасыл экономика мен әлеуметтік жобаларға жұмсауы қажет. Бұл шамамен 2,5 трлн еуро. Мұндай шешім еуроаумақтағы 100-ге тарта экономистің ұсынысхаты негізінде қабылдануы мүмкін. Бүгінде еуроаумақтың мемлекеттік қарызының 25 проценті осы банкке тиесілі. Бұған дейін де Еуропалық парламент Президенті Давид Сассоли мұны қызықты гипотеза ретінде бағалаған болатын. Бірақ бұл әзірге ұсыныс. Әрі қарызды түгел жою заң жүзінде расталмаған бастама. Соңғы бес жылда еуропалық орталық банк еуроаумақтан 3 трлн еуро көлемінде мемлекеттік облигация алған.

Сары май импорты азаймай тұр

Елімізде сары май өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті. Былтырғы өндіріс 30 проценттен асқан. Бірақ баға бірден 13 процентке өсіп кетіпті. Бүгінде ішкі нарықтың 78 проценті отандық өніммен қамтылды. Әсіресе алматылық сары май сұраныста. Мұнда 9 мың тоннаға жуық өнім өндірілді. Импорт та қалар емес. Бір жылдағы өсім 1,5 есе. Жыл басынан бері сары майдың орташа құны 2700 теңгеге сатылып жатыр. Ең қымбат өнім Атырауда. Мұндағы баға 3200 теңге.

Доллар 416.76 теңге, еуро 505.82 теңге, Ресей рублі 5.65 теңге.

Хабар 24 телеарнасы