419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ер адамдар банк картасын сирек қолданады

  • 610
  • UPD: 11:06, 15.02.2021

Сарапшылардың пікірінше, кейбір банктерге келесі дағдарысқа дайындалу үшін өз капиталын қалпына келтіруге тура келеді. Өйткені ендігі болатын экономикалық дағдарыс бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда қиын жағдайда өтеді.

Алдағы үш жылда әлемдік банк жүйесі бес триллион долларға жуық кірісінен айырылуы мүмкін. Бұл саланың несиелер бойынша шығындарға ұшырауымен байланысты. Сонынмен қатар, іскерлік белсенділіктің төмендеуі де секторға кері әсер етеді. Банк операцияларына сұраныстың төмендеуді жалғасады. Алайда сарапшылардың пікірінше, банк секторы алдағы соққыға төтеп береді. Оған қаржы құрылымдарының капиталы жеткілікті. Орта есеппен 2024 жылға қарай әлемде негізгі капитал коэффициенттері 12%-ке дейін төмендейді.

Операцияларының өнімділігін арттыру үшін барлық елдердің банктеріне ауқымды цифрлық қызмет көрсетуге көшу керек. Әлемдік сарапшылар осындай піркірге саяды. Өткен жылы нарықта қолма-қол ақшаны пайдалану азайды. Сауалнама кезінде көптеген мемлекеттерде тұтынушылардың үштен бірі қағаз ақшаны аз пайдаланатынын айтқан. Осыған байланысты нарықта интернет банкингке деген қызығушылық артты. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі.  Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-та тұтынушылардың тек 15%-і интернет банкингке қызығушылық танытады. Ал Грекия, Индонезия, Мексика және Сингапурда электронды операцияларға неғұрлым бейім тұтынушылардың үлесі 40%ке жуықтайды.

Ресейде ерлер әйелдерге қарағанда банк карталарын 16%-ке аз пайдаланады. Бірақ олар жұмсайтын қаражат 18%-ке көп. Банк карталары бойынша операцияларға сараптама жүргізеген ресейлік банктердің бірі осындай дерек келтірген. Сарапшылар клиенттердің соңғы 4 айдағы шығыстарын қарап, ерлер мен әйелдер ақшасын қайда жұмсайтынына талдау жасаған. Банк карталарымен жасалатын сауданың көбі азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердің үлесінде. Бұл санатта әйелдер ерлерлерге қарағанда 19%-ке көп шығынданған. Ал жанармай құю бекеттері мен көлік жөндеу қызметіне керісінше ерлер 19%-ке көп қаржы жұмсаған. Сараптамаға сай, тағы екі санатта шығындардың көлемі әртүрлі. Мысалы, әйелдер қаржысының бір бөлігін  дәріханаларға жұмсайды. Ал ер адамдар компьютерлік ойындарға қаржысын қияды. Бұл санатта ерлер әйелдерге қарағанда 3 есе көп шығынданған. 

Оңтүстік Кореяның ірі әуе тасымалдаушысы саладағы өзге компанияларға қосылып, «көкте серуендеу» мүмкіндігін ұсына бастады. Мұндай рейстің ерекшелігі ұшақ ешқайда қонбайды, тек белгілі бір бағыттармен жүріп әуежайға қайта оралады. Бірінші рейс 27 ақпанға жоспарланған. Бағыты Инчхон халықаралық әуежайынан басталады және кері қарай сапарлайды. Ұшақ Жапон теңізі, Пусан, Чеджудо аралы және Корей бұғазы арқылы өтеді. Ерекше сапар шамамен екі сағатқа созылады. Билеттердің бағасы 200 доллардан  630 долларға дейін жетеді. Наурыз айында «көктегі серуенге» билеттер  сатылады ма, жоқ па әлі белгісіз.  Айта кету керек, коронавирус пандемиясы басталағалы осындай «бағыты жоқ», тек шолу және ойын-сауық ретінде ұйымдастырылатын рейстер көптеген елдердің әуе компанияларында пайда болған. Соның ішінде Ресей, Сингапур, Австралия, Жапония елдерін атап өтуге болады.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 418 теңге 86 тиын, еуро 507 теңге 03 тиын, рубль 5 теңге 64 тиын.

Хабар 24 телеарнасы