420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Азия Авто» кәсіпорыны төрт мың адамды жұмыстан қысқартады

  • 476
  • UPD: 11:47, 24.02.2021

Ең әуелі 4 мың жұмысшыны қысқартуға не себеп деген сұраққа жауап берсек. «Азия Авто» мен елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасындағы дау былтыр күзде басталды. Министрлік автоконцернді мемлекет алдындағы міндеттерін орындамады деп айыптап арадағы келісімді бұзатынын жариялады. Бұл келісім 2014 жылы жасалған.

Құжат бойынша компания жеті жылда дәнекерлеу, бояу сынды жұмыстарды Қазақстанда істейтіндей жағдайға жетуі керек еді. Есесіне қосымша құн салығынан, кеден салығынан және ынталандыру ретінде утилизайиялық түсімді алып отырды. Ал талаптарды орындамаған. Сондықтан министрлік көлік жасаушы компаниядан 174 миллиард теңгені қазынаға қайтаруды талап етті. Ал Азия авто басшылығы 4 мың жұмысшыны қысқартатынын айтты. Ол 10 наурызда басталады. Қысқартуға ұшырағандардың тең жартысы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Сондықтан жергілікті әкімдік оларды жұмысқа орналастыру жағын қарастырып жатқан көрінеді. Мәселені шешуге арналған арнайы штаб құрылған. Құрамында бақылаушы және құқық қорғау органдары мен компания басшылығының мамандары бар. Мәліметке қарағанда 64 адам зейнет жасында. Қалған 1900-ге жуық адамды  мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына орналастыру жүргізіліп жатыр. 

Ресейде Hyundai компаниясының ресми дилерлік орталықтары онлайн саудаға қарсылық білдіріп жатыр. Автобизнес өкілдерінің айтуынша, компанияның тұтынушымен тікелей сауда жасауы жергілікті дилерлік орталықтардың табысын айтарлықтай азайтып тастады. Яғни олар жәй ғана көлікті беру орынна айналады. Сондай-ақ жаңа көлікті сату кезінде ұсынатын несие, сақтандыру сынды қызметтері тұралап қалған. Сондықтан мәселеге мемлекет араласуы керек деп санайды. Ресейдің автодилерлер қауымдастығының мәліметінше, салада 300 мың адам жұмыс істейді. Егер табыс азайса осынша адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал «Хендэнің» ТМД бойынша басқарушы директоры болашақ онлайн саудада деп санайды. Компания 2025 жылы автокөліктің жартысын онлайн платформа арқылы сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, былтыр сәуір айында біздің елде де онлайн сауда жасау жүйесі пайда болды. Десе де, тандастырымыздың көбі темір тұлпарды автосалонға барып, таңдап алғанды ұнататын сияқты.

Frost&Sullivan орталығының есебінше, 2019 жылы әлемде 825 мың көлік онлайн сатылған. Бұл көлік нарығындағы жалпы сауданың 1 процентіне тең. 

Былтыр Қазақстан шет елдерден 30,3 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 жарым процентке көп. Қаржылық жағынан 37 жарым процентке артық. Препараттың басым бөлігі яғни 10 мың тоннадайы көрші Ресейден әкелінген. Ол үшін 108 миллион АҚШ долларын төледік. Үндістаннан 137 миллион долларға 3,2 мың тонна дәрі дәрмек жеткізілді. Қытайдан 3 тонна, Германиядан 2 жарым мың тонна медициналық препарат жеткізілген. Сондай-ақ Қазақстанға Беларусь, Өзбекстан, Франция, Украина мен Түркия сынды бірнеше елдің фармацевтикалық компаниялары өз өнімін сатты.

Жылдың екінші тоқсанында әлемдік нарықта қара алтынның құны 70 доллардан асады. Goldman Sachs сарапшылары осындай болжам жасады. Олардың айтуынша көктем шығысымен-ақ мұнайға сұраныс артады. Рейтер агенттігінің мәліметіне қарағанда шілде соңында нарықта қара алтынды бір тәулікте тұтыну көрсеткіші жүз миллион баррелге жетуі мүмкін. Сондай-ақ бағаның көтерілуіне АҚШ -та мұнай өндірісінің азайюы да әсер еткен. Goldman Sachs мамандары АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты зауыттарда ақау шығып, жұмыс кешеуілдеп жатыр. Бұл нарықта мұнай тапшылығына әкелуі мүмкін деп санайды. Қазір ICE қор нарығында мамыр айында жеткізілетін брент маркалы мұнайдың баррелі 64 доллар 54 сенттен саудаланып жатыр. Ал  WTI маркасы 61 доллар 20 цент шамасында. Кеше Брент маркалы мұнайдың құны 66 долларға дейін көтерілген еді. 

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Еліміздің ұлттық банкі АҚШ-тың бір долларын 414 теңге 94 тиынға бағалады. Еуро 504 теңге 03 тиынға тең. Ал ресей рубльі 5 теңге 59 тиын деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы