432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімдігі жеке кәсібін ашқысы келетіндерге 400 грант бермек

  • 854
  • UPD: 12:16, 18.03.2021

Ақылы жолдардың көбеюі азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасын шарықтатуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылай дабыл қаға бастады. Өйткені ақылы жолдармен жүріп өткен тауардың құны автоматты түрде шамамен 17 процентке артады.

Биыл 5800 км жол ақылы болады

Мәселен, қазір елімізде 682 шақырым ақылы жол бар екен. Биыл оның жалпы ұзындығын 6 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сәйкесінше, бұл нарықтағы бағаға әсер етпей қоймайды. Өйткені, Алматы мен Оралдың арасы 2 жырым мың шақырымды құрайды. Онымен жүк тасу үшін бір көлікке 65 мың мен 97 мың теңге арасында ақы төленеді. Тасымалданып жатқан тауардың басым бөлігі – азық-түлік пен дәрі-дәрмек. Сәйкесінше, ақылы жолдардың артуы жүктің тасымалына, одан әрі тауардың бағасына етеді. Бұл жөнінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Талғат Темірханов мәлімдеді.

Талғат Темірханов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:

– Ақылы жолдардың көбейі оның күтімі мен сапасын жақсартуға бағытталғанын түсінеміз. Яғни бұл бағыттағы жұмыстар бюджетке салмақ салмайтын болады. Дұрыс-ақ. Бірақ жүргізушілер тасымалдың бағасына әсер ете ме деп алаңдап отыр. Сондықтан әлеуметтік жағдайды ушықтармау үшін арнайы жеңілдіктер қарастыруды ұсынамыз. Мәселен, жүк тасымалымен айналысушыларға абонемент енгізуге болады. Ол жарты жылға не бір жылға алдын ала төленуі керек.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл мыңдаған шағырым жолды ақылы қылмақ. Оның бағасына қатысты ақпарат сәуір айынды шығады. Жоспар бойынша, 6 мың шақырымға жуық жолдан 29 млрд теңге түсім келуі керек.

Халықтың несие қарызы көбейді

Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, қазір ел азаматтарының банк алдындағы қарызы 14,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 триллионға көп. Бір қызығы, бизнеске қарағанда қарапайым халық қарызды көбірек алады екен. Мәселен, 14,6 трлн теңгенің 7 трлн-ы заңды тұлғаларға, ал 7,6 трлн-ы жеке тұлғаларға берілген. Әсіресе, Алматы жұрты әбден қарызға батыпты. Мұндағы көрсеткіш 6,6 трлн теңгеге тең. Елорда тұрғындары банктерге шамамен 2 трлн теңге қарыз. Одан кейін тізімде, Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Атыраулықтар да несие рәсімдеуде аса белсенді. Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында. Жергілікті жұрттың банктер алдындағы берешегі қазір 136 млрд теңгені құрайды.

Салық түсімі азайды

Қарыз көлемі артып жатыр, ал салық түсімі азайып жатыр. Жыл басынан бері, яғни қаңтар мен ақпан айында ел қазынасына 1,39 трлн теңге салық түскен. Көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12 процентке аз. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, түсім көлемі азайғанымен жоспар асыра орындалыпты. Яғни биыл екі айда республикалық бюджет шамамен 750 млрд теңгеге толығуы қажет еді. Төлемнің көлемі 102 млрд теңгеге асып түсті. Жергілікті бюджеттерге қатысты да осындай динамика байқалады. Сарапшылар бұны мұнай бағасының қатысты тетіктердің құбылуымен түсіндіреді. Яғни жоспар бойынша экспортқа шығатын мұнайдың кедендік баж салығы 35 доллар боуы керек еді. Көрсеткіш 55 долларға дейін көтерілді. Басқа да шикізаттар нарығында баға біраз өзгерді.

Биыл 400 грант беріледі

Биыл елорда әкімдігі жеке кәсібін ашқысы келетіндерге 400 грант беруді жоспарлап отыр. Бұл халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асатын қолдау. Гранттың көлемі – 583 400 теңге. Жыл басынан бері арнайы комиссия 87 өтінішті қарап, 37-сін мақұлдап үлгерді. Байқауға жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер, сол сияқты өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген азаматтар қатыса алады. Негізгі талап - «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткені туралы сертификаттың болуы қажет. Яғни қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы азаматтар, қоныс аударушылар мен қандастар айрықша құқыққа ие болады. Сондықтан жақсы идеяңыз болып, оны іске асыруға қаржы таппай жүрсеңіз, бағыңызды сынап көріңіз.

АҚШ Ресейге санкция салды

АҚШ Ресейге тағы да санкция салды. Бұл жолы көрші ел қорғаныс технологиялары сатылмайтын мемлекеттер тізіміне енді. Бірақ ғарыш саласындағы келісімдердің бір бөлігі күшін жоймайды. Бұған қоса, ресми Вашингтон үкіметтік қаржы ұйымдарына несие беруге тыйым салды. Бұл шектеудің америкалық Экспорттық-импорттық банкіне де қатысы бар. Ал АҚШ-тың сауда министрлігі Ресейдің биологиялық және химиялық қару жасайтын 9 ірі компаниясын қара тізімге қосты. Сонымен қатар 3 ғылыми ұйымға да санкция салынды.

Хабар 24 телеарнасы