Суэц каналындағы кемеден келетін кесір сансыз – @tengenomika

Суэц каналында жүк кемелерінің тұрып қалуынан күнделікті келетін шығын 10 миллиард долларға дейін жетеді. Әлемдік сарапшылар осылай дейді. Бұл апатқа байланысты теңіздегі жүк тасымалы қымбаттаған. Мысалы, Қытайдан Еуропаға 12 метрлік контейнер жеткізу өткен жылмен салыстырғанда төрт есе қымбаттап, 8 мың долларға дейін жеткен. Сонымен бірге каналдағы кептеліс бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Осыны ескерген жүк жөнелтушілер қазір кемелерін Африканың айналасындағы су жолдарымен өткізуді қарастыруда. Бұл жалпы жолға шамамен 10 мың шақырымдай қосылады деген сөз. Айналма жолдың шығыны да көп. Мысалы, Таяу Шығыстан Еуропаға мұнай тасымалдайтын супертанкердің жанармайға кететін шығыны шамамен 300 мың долларды құрайды.

Сайып келгенде, Суэц каналындағы апат теңіздегі жүк тасымалының қымбаттауына алып келеді. @tengenomika сарапшылары осындай пікірде. Сондай-ақ «теңіз тасымалындағы күрделі жағдай әлемдегі инфляция процессін одан сайын жеделдетеді» дейді олар. Нәтижесінде инвестициялық тауарларға, азық-түлікке, ұзақ мерзімді тауарларға баға көптеген аймақта қымбаттай береді. Бұл дамушы елдердің орталық банктерінің қаржы-несие шарттарын қатаңдатуына себеп болумы мүмкін.

Еске салайық, 24 наурызда Еver Given кемесі Суэц каналының қайраңында тұрып қалып, әлемдегі ең ірі сауда арнасын жауып тастады. Салдарынан «теңізде кеме кептелісі» пайда болды. Тұрып қалған кемелердің арасында мұнай танкерлері де бар. Осы жағдайдан кейін қара алтын құны 2%-ке өсті. Ал Bloomberg су арнасындағы апат күніне шығын 10 миллиард доллар шығын келтіретінін мәлімдеді.  

Қытай өндірушілері Азия мен Ресей арқылы Еуропаға темір жол көлігімен жүк жеткізуді ұлғайтты. Бұл пандемиядан кейін Қытай экономикасының тез қалпына келуі жағдайында ең тиімді әдіс болды» деп жазады Financial Times. Басылымның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы екі айында Қытайдан Еуропаға 2 мыңнан астам жүк пойызы жөнелтілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бірақ басылым теміржол тасымалы Қытай экспортының жалпы көлемінің аз бөлігін құрайтынын атап өтті. Шанхай маңындағы Яншань порты қаңтарда 2 миллион контейнер жіберді. Ал қаңтар мен ақпанда теміржол арқылы 209 мың контейнер жөнелтілген. Теміржол тасымалының артуы Суэц каналында ірі контейнердің жолды бөгеп тұрып қалуымен байланысты. 

Алматыда енгізілген карантиндік шектеулер коронавирустың таралу қарқынын төмендетпеді. Шаһарда 50 мың кәсіпорынның қызметіне тыйым салынды. Оларда 250 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мегаполистің кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев Үкіметтен қызметі тоқтап тұрған компанияларға қаржылық қолдау көрсетуді сұрайды. Ол облыстағы қоғамдық тамақтану орындарының 90%-ке төмендегенін хабарлады. Сауалнамаға қатысқан қала кәсіпкерлерінің 60%-ке жуығы ғимаратты жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеуге ақшасы жоқ екенін хабарлаған. Компаниялар жалақы төлеуге қаражаттың жоқтығын да атап өтті. 40%-ке жуығы салық пен міндетті төлемдерді өтеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан. 

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар  теңге тиын, еуро  теңге тиын, рубль теңге тиын.