426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейге салынған санкция теңгемізге қалай әсер етеді?

  • 563
  • UPD: 12:12, 16.04.2021

Америка Құрама Штаттары қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей банкі, ұлттық әл-ауқат қоры және қаржы министрлігі шығарған облигацияларды сатып алуға, оларға қарыз беруге тыйым салды.

Бұл тыйым 2021 жылдың 14 маусымында күшіне енбек.

Біздің сарапшылар мұндай санкциялардың салмақты екенін айтады. Дегенмен, осындай күн туарын алдын ала жорамалдап, Ресей де бұған қамданған болуы керек. Енді рубльдің күні не болады? Құлдырай ма? Сарапшылар айтады. Ресейдің орталық банкі Американың акциялар нарығынан ертерек шығуға тырысқан. Яғни құнды қағаздарын бұған дейін сатқан. Сөйтіп, бюджет қаражатын қайтарып үлгірген. Жақын уақытта рубль әлсіреуі мүмкін. Бірақ көп емес. Себебі санкция жағдайында Ресей алғаш рет өмір сүріп жатқан жоқ.

«Көршіміздің экономикасы шектеулерге икемделді», - дейді сарапшылар.

Ресеймен біздің де экономика тығыз байланыста екенін ескерсек, сарапшылар бұл жағдай теңгемізге де әсер етпей қоймайды деді. Яғни рубль құлдыраса ұлттық валютамыз теңге де әлсіреуі мүмкін. Бәлкім доллар 440-қа баруы мүмкін деген болжам да айтылды.

Хабар 24 телеарнасы