429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1,5 млн адамның кредит тарихы «қара тізімнен» шығарылды

  • 568
  • UPD: 10:58, 19.04.2021

Бір жарым миллион қазақстандық несие тарихын жақсартты. Осыдан екі апта бұрын «қара тізімнен» шығарудың жаңа механизмі іске қосылған еді.

Бұл мүмкіндікті көпшілік белсенді пайдаланып жатыр.

Айта кету керек, тек қайтару мерзімі 90 күннен асқан кредиттер ғана «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады. Ол үшін несие жабылған кейін 12 ай өтуі керек және осы аралықта басқа проблемалы қарыздар болмауы тиіс. Арнайы құжаттардың қажеті жоқ. Кредиттік бюро мәселені өздігінен реттейді. Бұған дейін «қара тізімге» іліккен азаматтар тәуекелі жоғары деген санатқа жататын және оларға ешқандай қарыз берілмейтін. Ал қарызын әлі төлеп бітпегендер үшін сотқа дейінгі реттеудің жаңа жолдары қарастырылды. Яғни екінші деңгейлі банктер әр адамның төлем қабілетін бағамдап, оны жабуға мүмкіндік беретін кесте жасауы тиіс. Яғни жүктемені барынша оңтайлы жеңілдету керек.

Хабар 24 телеарнасы