427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Alibaba платформасына шығатын қазақстандық компания саны жүзге жетті

  • 566
  • UPD: 10:40, 22.04.2021

Еліміздегі өндірушілер Alibaba платформасы арқылы 45 млн долларға экспорттық келісім-шарт жасады.

Онлайн дүкенге былтыр 100-ге тарта отандық өндірістік кәсіпорын орналасқан. Олар 4 мыңнан аса тауар түрін сатыпты. Қазақстандық макарон өнімдері, ұн, бал, тәттілер мен ет, сусындар және өсімдік майлары, жиһаз, киім-кешектер Қытай, Македония, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Орталық Азия тұтынушылары арасында сұранысқа ие.

Қазір экспорттаушыларымыз Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар әзірге қазақстандық тамақ өнімдерін алып отыр, ал болашақта сүзгі, тоқыма, электрлі техника сияқты тауар түрлерін тұтынсақ деген ниетін білдірген.

Еске салайын, биыл тағы отандық 50 компания Alibaba халықаралық сауда платформасына шығатын болады.

Хабар 24 телеарнасы