Әлемде мұнай арзандап жатыр

Әлемдегі мұнай бағасы арзандап жатыр. Бұл құбылыс АҚШ-тағы өнім қорының артуы жайлы ақпараттан кейін байқалған.

Қазір брент маркалы қара алтын баррелі 65,32 долларға жуықтады. Бұл бір аптадағы ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар бұған дейін елдегі қордың 3 млн баррельге азаятынын жорамалдағанымен, АҚШ-тың энергетика министрлігі 0,1 процентке артып, 493 млн баррельге жеткенін хабарлады. Үндістан, Жапония сияқты экономикасы дамып келе жатқан ірі мемлекеттерде дерттің дендеуі мұнайға сұраныстың артуына әсер етті.

Сондай-ақ...