Салық декларациясын тапсыруға кімдер міндетті болады?

Биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайлары тапсыра бастады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.

Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

2025 жылдың 1 қаңтарынан декларацияны азаматтардың қалған барлық санаты тапсырады. Салықтық декларацияны қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік кіріс органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.

Атап өтейік, ыңғайлы болу үшін салық төлеуші кабинеті, «Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.