Қазақстанның алтын-валюта қоры өсті

Еліміздің алтын-валюта қоры сәуір айында 700 млн долларға өсіп, барлығы 34 миллиард долларды құрады.

Ұлттық банк хабарлады. Бұл қымбат металл құнының көтерілуімен байланысты болды. Ал еркін конвертацияланатын валюта активтері азайып, 635 миллион долларды құрады. Соңғысы Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктердің салымдары төмендеуімен байланысты. Шикізат нарығындағы оң динамика ұлттық валютаның саудасына да қолдау көрсетті.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар  -  427,55 теңге, еуро 515,84 теңге, рубль 5,75 теңге.