Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендей түсе ме?

Нарықтың кәсіби қатысушыларының басым бөлігі, яғни 45%-і «келер айда базалық мөлшерлеме өседі» деп есептейді.

Ал олардың 35%-і базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады деген ойда.

Елдің қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, сарапшылардың 25%-і бұл көрсеткіш төмендейді деп санайды.

Еске салайық, Ұлттық банк сәуір айында базалық мөлшерлемені жылдық 9% деңгейінде деп белгіледі. Жаңа шешім инфляциялық болжамдарға және макроэкономикалық көрсеткіштерге қарай қабылданады.

Айта кетейік, бұл тек нарық қатысушыларының болжамы. Ұлттық банк өзінің жоспарлы шешімін келер айдың басында жариялайды.