Қытай «Титаниктің» көшірмесі түріндегі қонақ үй салып жатыр

Қытайда атақты «Титаник» лайнерінің дәл көшірмесі түріндегі қонақ үй салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеменің құрылысы 7 жыл бұрын басталды. Ерекше нысан жыл сайын бес миллионға дейін турист тартады деп күтілуде. Қонақ үй құрылысы «Титаник» кемесінің құрылысына қарағанда үш жылға көп уақытты алды. Ал оның құны 155 миллион долларға бағаланады. Пароход нөмірінде бір тәулік тұру шамамен үш жүз доллар немесе 130 мың теңге төңірегінде. Сәулетшілердің пікірінше, кеме ішіндегі асханадан сәнді шкафтарға дейінгі барлық бөлмелер түпнұсқа «Титаник» стилінде жасалады.

Ақылы жолдар

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақылы жолдардың «ашық жүйесі», шлагбаумдар қоюға қарағанда тиімді, әрі бес есе арзан. Сондай-ақ оларды күтіп, жөндеуге де үш есе аз қаржы кетеді.

Мамандардың айтуынша, бір төлем-бақылау бекеті мен жолды кеңейтіп салуға орта есеппен 1,5 миллиард теңге тұрады. Оның басым бөлігі жолды кеңейтуге кетеді дейді «Қазавтожол» өкілдері.

Ал маусымда іске қосылатын ақылы жолдарда шлагбаумның орнына аркалар қойылады. Бірақ бұл жүйенің өз кемшіліктері де бар. Мысалы, жүргізушілердің ақша төлегенін я төлемегенін ешкім бақылап отырмайды. Сала мамандары мұны әр қазақстандықтың өз жауапкершілігіне сілтеді. Дегенмен ақылы жолдардың кіреберісіндегі камералардан ақылы жол аумағына кірген көліктер тіркеледі. Ондағы қозғалысты және жолдардың жағдайын арнайы орталық қызметкерлері бақылайды. Ал ақылы жолдармен қанша жер жүргенін, қанша ақша төлегенін қазақстандықтар kaztoll.kz сайтында, телефон нөмірі арқылы тіркеліп жеке кабинетіне кіріп көре алады.

Қазақстанда тұрғын үй тағы қымбаттады

Біз республика аумағындағы қайта сатылатын баспаналар қанша тұратынын анықтап көрдік. Соңғы екі айда шаршы метр құны қалай өзгергенін салыстырдық. Ақпарат Крыша.кз сайтында жарияланған мәліметтер негізге алынды. Сонымен баға қатты өскен өңірлер тізімін Алматы бастап тұр. Онда ескі үйлердің бір шаршы метрі 71 мың теңгеге көтерілген. Екінші орында Нұр-Сұлтан. Елордада қайта сатылатын тұрғын үйдің шаршы метрі екі айда 52 мың теңгеге қымбаттады. Үштікке Петропавл өңірі кірді. Онда баспана құнына наурызбен салыстырғанда 48 мың қосылған. Ал Көкшетау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында тұрғын үй бағасы айтарлықтай көтерілмеген.

Үш жүз мыңнан астам қазақстандықтың меншігінде бірнеше пәтерден бар. Олардың 20 проценті – Қарағанды облысының тұрғындары. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында хабарлады. 259 мың аданың атында екі пәтерден бар. 35 мың қазақстандықта үш пәтерден рәсімделген. Сонымен қатар алты мыңнан астам адам төрт жылжымайтын мүлікке ие. Олардың арасында 290 адамда 10-нан астам пәтер ресми рәсімделгендер де бар.

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге  ₸15 млрд қарыз

Қазақстандықтарға коммуналдық қызметтерді төлеу қиындап кеткен. Бұған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері дәлел. Ведомствоның мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылардың қарызы 600 миллион теңгеге өскен. Жалпы, ел халқының коммуналдық компанияларға 15 миллиард теңгеден астам қарызы бар. Ең көп қарыз Шымкент, Астана және Алматы тұрғындарында.

 

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 426 теңге 05 тиын, еуро 520 теңге 46 тиын, рубль 5 теңге 78 тиын.

Сондай-ақ...