426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ара өсіріп, бал баптау тиімсіз кәсіпке айналды

  • 941
  • UPD: 11:25, 26.05.2021

Еліміздегі омарташылардың шығыны еселенді. Салдарынан саптан шығып қалған кәсіпкер көп. Оның дені оңтүстік өңірлерден.

Биыл шығыс пен солтүстік Қазақстанда да көктем көктемдей болған жоқ. Былтырғы карантин де жағдайды ушықтырған. Блокбекеттердің орналастырылуы 95 процент омарташының көшуіне кедергі болды. Оның үстіне ара ауруларын емдеу мүмкіндігі болған жоқ. Сөйтіп, шығын бұрынғыдай 5 емес, 50 процентке жуықтады. Бірақ балдың құны өзгермейді. Соңғы он жылда елдегі ара өнімі шамамен 1500-2000 тг айналасында сатылып жатыр. Себебі тұтыну көлемі аз.

Омарташылар одағы президентінің орынбасары Ғабит Нұрәділдің айтуынша, сала қолдаудан кенде. Әзірге субсидия тек асыл тұқымды араларға ғана төленеді. Әрі инвестициялық субсидиялау, жайылымдарды реттеу, жалға жер бөліп беру сынды түйткілдер бар.

Айта кетейік, қазір елде 12 мың омарта жұмыс істейді. Олардың өнімі Қытай, Ресей, Қырғызстанда сұранысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы