Қазақстанда цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстан нарығында импортталған маскалар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан отандық тауар өндірушілер зардап шегіп отыр. Сала қауымдастығының басшысы Гүлмира Мұхамеджанова осындай пікірде. Былтыр медицицналық тауарға сұраныс күрт артқан кезде маска өндірушілер 2-3 миллион данадан шығарған. Қазір олардың басым бөлігі қоймаларда жатыр.

Енді отандық маска өндірушілер қорғаныш құралдарын экспорттауға қойылған шектеудің алынғанын күтеді. Дегенмен салада басқа да өзекті мәслелелер бар.

Импорт отандық өнімдерді ығыстырып келеді

Мемлекеттік сатып алулар порталында маскалардың шекті бағасы тым төмен дейді Медицицналық бұйымдар өндірушілер қауымдастығының өкілі. Ал отандық тауарды шет елдердің нарықтарына жіберуге болмайды. Пандемияға байланысты бізде үш қабатты медициналық маскалар мен басқа жеке қорғаныш құралдарын экспорттауға тыйым салынған. Бұдан бөлек, Гүлмира Мұхамеджанованың айтуынша, мемлекеттік сатып алуға конкурс кезінде жеткізушілерге тиісті талап қойылмайды. Нәтижесінде сапасы төмен, кейде адам денсаулығына зиян келтіретін, пайдасынан зияны көп маскалар сатып алынады. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілер ҚР нарықтық бәсекелестікті қорғау агенттігіне көмекке жүгінген.

Гүлмира Мұхамеджанова, ҚР медициналық бұйымдар өндірушілер қауымдастығының басшысы:

– Маскаларға мемлекеттік сатып алу жарияланатын кейбір сайтта тиісті талаптар қойылмайды. Заңға сәйкес, үш қабатты медициналық маска шығаратын барлық өндіруші фармацевтикалық қызметке лицензия алуға, тіркеу куәлігін, сараптау және мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтуге тиіс. Сонымен қатар өндіруші сәйкестік сертификатын алу керек. Іс жүзінде осы талаптар қойылмайтындықтан, сапасыз өнім өндірушілер конкурсқа қатысады. Мысалы «Самұрық Қазына» сайтында 15 теңгеден сатып алу жарияланады. Сауда нәтижесінде ол 5-6 теңгеден өтеді. Ал сапалы маскалардың өзінді құны – 6-8 теңге. Отандық өндірушілер бұл бағамен тауарын өткізе алмайды.

Қауымдастықтың хабарлауынша, пандемияға дейін елімізде медицицналық маска шығаратын 6 кәсіпорын болған. Бүгінде Қазақстанда үш қабатты медициналық маскалар шығаратын 50-ден астам отандық өндіріс жұмыс істейді. Бірақ олардың тек жартысында ғана фармацевтикалық қызметке лицензия және тіркеу куәлігі бар.

Қазақстанда цемент импортына рұқсат берілуі мүмкін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Қазір ведомство цемент импортына тыйым салатын бұйрықтың күшін жоюды қарастырып жатыр. Бұл шешім отандық цемент өндірушілерді қолдау мақсатында алты ай мерзімге енгізілген еді. Бүгінде зауыттарда цементтің орташа бағасы қосымша құн салығын есептегенде – 22400 теңге. Министрліктің мәліметінше, өнімнің қымбаттауы дилерлер мен алыпсатарлардың әрекеттерінен болып отыр. Сондықтан құрылыс материалдарына бағаның одан әрі өсуіне және өндірушілер мен жеткізушілер арасында сөз байласу мен алыпсатарлыққа жол бермеу үшін министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тексеріс жүргізу туралы ресми хат жолдаған.

Айта кету керек, Қазақстанда 15 цемент зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаты – 16,5 млн тонна.

Бос қалған 8 млн баспана арзан бағаға сатылып жатыр

Жапонияда ауылдық жерлерде бос қалған сегіз миллион үйді сатып жатыр. Олардың кейбіреуін тіпті тегін алуға болады. Ал енді бірінің бағасы 50 000 иенге немес 195 мың теңге. Бұған қоса ел билігі жөндеу жұмыстарына 2 млн иен субсидиялар бөледі. Біздің ақшаға шаққанда 8 миллион теңге. Префектуралардың басшылары бағдарлама тек ескі үй иелеріне ғана емес, сонымен бірге қалаға да көмектеседі деген сенімде. Сондай-ақ бұл болашақта қараусыз қалған ғимараттардың санын азайтады. Жалпы Жапония бес жыл сайын осы бағытта зерттеу жүргізеді. Жылжымайтын мүлік ауылдық жерде болғандықтан, оны сатып алғысы келетіндер өте аз. Сондықтан бос үйлерді сату үшін жапондарда арнайы веб сайттар жұмыс істейді. Олар «Банк Акия» деп аталады. Ал елдегі бос үйдің бір бөлігін шеберханалар мен асханаларға айналдырған. Баспаналардың қараусыз қалуына жаппай көшу немесе иелерінің қайтыс болуы себеп болған. Бос үйлер мәселесі Жапонияда ғана емес. Мысалы, Италияда бірнеше жылдан бері үйлерді бір-екі евродан сату тәжірибесі бар.

Ал Түркия тез қымбаттап жатқан тұрғын үйлер бойынша көш бастап тұр. Онда бір жылда жылжымайтын мүліктің құны 32% өсті. Бұл туралы Лента.ру порталы хабарлады. Үштікке Жаңа Зеландия мен Люксембург кірді. АҚШ-та тұрғын үйлер бір жылда 13%-ке қымбаттаған, ал Ресейде 11%.

Zoom компаниясының кірісі 191% өсті

Zoom компаниясының кірісі бір жылда 191% өсіп, биылғы үш айда 956 миллион долларды құрады. Компанияның мол табысқа кенелуіне коронавирус пандемиясы себеп болды. Былтырдан бері бүкіл әлем онлайн жұмыс пен оқуға көшіп, видеобайланысқа сұраныс күрт арта түсті. Сәйкесінше, Zoom платформасының табысы биылғы бірінші тоқсанда өткен жылмен салыстырғанда 8 есе өскен. Сарапшылардың болжауынша, келер жылы компания табысы тағы көтеріліп, 990 миллион долларға дейін жетеді.

Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 428 теңге 14 тиын, еуро 521 теңге 43 тиын, рубль 5 теңге 82 тиын.