424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ауқаттылар саны 56 млн-нан асты

  • 605
  • UPD: 11:08, 23.06.2021

Былтыр әлемде 5 млн адам миллионер атанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, ауқаттылар саны 56 млн-нан асты. Пандемияға қарамастан жағдайын жасап алғандар жайлы Global Wealth Report хабарлады. Олардың жалпы активі 50 млн доллардан асқан. Бұл 24%-ке көп. Банк сарапшыларының айтуынша, жаһандық әл-ауқат 418,3 трлн долларға жетті. Экономист Энтони Шоррокстың хабарлауынша, байлық үлесінің екінші жартыжылдықта сақталып тұрған екен. Оның айтуынша, пандемияның әлемдік нарыққа әсері қысқа мерзімді. Бұған дейін байлардың байлығы еселеніп, 1,5 трлн долларға жеткені хабарланған болатын. Олардың қоры барлық миллиардер активінің 16%-іне жеткен.

***

Азия-Тынық мұхиты елдері жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияны еселейді

2030 жылға қарай Азия-Тынық мұхиты елдері жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияны еселейді.

Сөйтіп, қазбалы отынға жұмсалатын шығын 25%-ке азаяды. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея жаңартылатын қуат көздеріне қыруар қаржы бөліп отырған мемлекеттер.

Аумақта энергия өндірісіне инвестиция молынан бөлінеді. Әлемдегі айтулы көрсеткіш осында. Соңғы 10 жылда салаға 2,5 трлн долларға жуық ақша жұмсалған.

Азия-Тынық мұхиты елдерінде алдағы 10 жылда жаңартылатын энергия көздеріне 1,3 трлн доллар инвестиция құйылады. Бұл қазіргі көрсеткіштен екі есе көп. Сол кезде қазбалы отынға жұмсалаты шығын жылына 54 млрд долларға дейін қысқарады. Инвестиция құйып отырған мемлекеттер күн және жел энергиясын да өндіруге ұйытқы болуда. Мұнда жылына қосымша 140 гигаватт қуат өндіріледі.

***

1 шілдеден бастап мемқызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады

Елімізде бірінші шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады. Қазір пилоттық жоба пысықталып жатыр. Нәтижесінде аталған қызметке қызығушылар саны артты. Ірі қалалар мен аймақтардағы еңбекақы айырмашылығы 70%-тен 16%-ке дейін қысқарған. Қазір елде 90 мың мемлекеттік қызметкер бар.

Осы ретте өзге мемлекеттердің әлеуетіне тоқталайық. Оңтүстік Кореядағы көрсеткіш 1 млн 97 мыңнан асады. Мұндағы халық саны 52 млн-ға жуықтаған. Ал Ресейде 2,5 млн адам мемлекеттік қызметте. Соңғы жылдары мұндағы шенеуніктер саны 10%-ке азайған. Түркияда халық санына шаққанда әрбір 30-шы адам мемлекеттік қызметте. Яғни, 4,7 млн жан экономиканы өркендетіп жүр. Қытайдағы көрсеткіш 7,19 млн адамды құрайды.

Мемлекеттік қызметкерлер үлесі

Мемлекет           халық саны      мемлекеттік қызметкерлер

Қазақстан          19 млн      90 мың

Оңтүстік Корея           52 млн      1,1 млн

Ресей        147 млн    2,1 млн

Түркия      84 млн      4,7 млн

Қытай        1,4 млрд   7,19 млн

***

Мұнай бағасы және теңге

Мұнай экспорттаушы елдердің көбеюі ОПЕК ұйымына қалай әсер етеді? Экономикалық шолушы Бауыржан Мұқанов өз болжамын жасады. Оның айтуынша, тараптар үшін бәсекелес болуы тиімді емес. Яғни, Иран мен ОПЕК елдері нарықты бөліп алуға уағдаласуы мүмкін. Ирандағы саяси өзгеріс мұнай бағасын аспандатып жіберді. Осы аптада қара алтын құны екі жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл үрдіс теңгенің нығаюына себеп болды. Бірақ қара алтын қымбаттаған сайын ұлттық валютамыз шарықтайды деу қате. Өйткені инвесторлардың сенімін жаулау уақыт талап етеді. Ал АҚШ салған санкциядан кейін Иран экономикасының мұнай экспортына тәуелділігі 10%-ке дейін азайған. 2013 жылдары 42% болған еді. Әлеуетті құлдыратпаудың түрлі тәсілін меңгерген мемлекет былтыр шикі мұнай тасымалын екі есе өсірді. Санкция алынар болса, елдің ұлттық мұнай компаниясы алдағы жарты жылда тәулігіне қосымша 1 млн баррель қара алтынды экспорттамақ. Бұл жаһандық сұраныстың 1%-і. Иран соңғы үш жылда АҚШ санкциясы салдарынан мұнайдан түсетін 100 млрд доллардан қағылған болатын.

***

Биткоин тиімсіз инвестиция

Биткоин құны төмендеп жатыр. Қазіргі баға 29 мың доллардан сәл асқан. Қытайлық майнингтік компаниялардың шекара асуы және индустрияға түскен қысым жағдайды осылай өзгерткен. Қазір қордағы криптовалютасынан құтылғысы келетіндер көбейді. Өткен тәулікте трейдерлер биржаға рекордтық мөлшердегі биткоинды аударыпты. Былтырғы наурыздан бері мұндай көрсеткіш тіркелмеген еді. Ол кезде актив құны бір күнде 50%-ке түсіп, 4 мың доллардан төмендеген болатын. Биылғы мамырда да жоғары көрсеткіш тіркелді. Онда биткоин бағасы 30 мың доллардан асқан еді.

Енді еліміздегі валюта бағамына тоқталайын. Доллар 426,31 теңге, еуро 508,23 теңге, Ресей рублі 5,83 тиынға тең.

Хабар 24 телеарнасы