Kaspi Bank акциялары қымбаттады

«Каспий банктің» нарықтағы құны 20 млрд доллар шамасына жетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лондон қор биржасынының ай соңындағы сауда-саттығында қаржы институтының акцияларына бұрын-соңды болмаған баға белгіленді. Осылайша, компанияның капитализациясы 19,6 млрд долларды құрады. Бұл «Халық банктен» 4 есе қымбат екенін айта кету керек. «Каспий банк» былтыр күзде өз акцияларын ашық саудаға қойды. Содан бері ол үш мәрте қымбаттады. Қазір Қазақстандағы ең қымбат компания саналады.