424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2022 жылы мұнай баррелі $100 жетуі мүмкін

  • 1008
  • UPD: 14:15, 03.07.2021

 

Келесі жылдың жазында қара алтын баррелі 100 долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Bank of America сарапшылары бағаның өсе беретінін айтып отыр. Қазірдің өзінде мұнай құны 45 доллардан асты. Оған коронавирусқа қарсы екпе салу, пандемия аясында өндірісті азайту сынды факторлар әсер еткен. Goldman Sachs сарапшыларының айтуынша, үшінші тоқсанда Брент маркалы мұнай баррелі 80 долларға жетеді. JPMorgan жылдың соңына болжайды. Пікір әралуан болғанымен, мамандар биылғы екінші жартыжылдықта қара алтынға сұраныс жылдам артады дейді. Бірақ коронавирустың қандай мінез танытары белгісіз. Өйткені жағдай соған қарай реттелетін болады.

ЕҚҚДБ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРМАЙДЫ

Ал Еуропалық қайта құру және даму банкі мұнай-газ саласын барлау және өндіру ісіне инвестиция құюды тоқтатпақ. Бұл оның Париж келісімімен келісіп отырғанын көрсетеді. Қаржылық ұйым алдағы бес жылда жасыл инвестиция көлемін 50 процентке арттырмақшы. Бірақ банк ақшалай қолдау көрсетіп отырған 38 мемлекеттің дені мұнайға тәуелді. Енді олар климатқа кері әсерін тигізбейтін бағыттарды дамытуға көңіл бөлуі керек. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Банктердің экологиялық жобаларды қаржыландыра бастауы, мұнай бағасының шарықтауына тосқауыл болуы мүмкін. Бұл біздің экономикамызға әсер етеді.

 

СҮТ 10% ҚЫМБАТТАДЫ

2050 жылы әлемдегі сүт өндірісі екі есе артады. Халықаралық сарапшылар осындай болжам жасады. Қазір дамыған елдерде 6 млн сүт фермасы бар. Соңғы 20 жылда олар өндіріс көлемін 22 процентке арттырды.

Елімізде сүт өнімдеріне деген сұраныс артқан. Бірақ құрғақшылық пен мал азығының қымбаттауы сүт бағасына әсерін бергені анық.

Биыл жаһандағы 100 келі сүттің орташа құны 40 долларға жетсе,  елімізде бір жылда сүт бағасы 10 процентке қымбаттаған. Энерджипром сарапшыларының хабарлауынша, жыл басынан бері ел аумағында 253 мың тонна сүт және сүт өнімдері өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 процентке көп. Демек, соңғы екі жылда бәсеңдеген өндіріс қайта қарқын алып келеді. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарындағы көрсеткіш айтарлықтай. Ал әлемде былтыр 16 млн тонна сүт өнімдері өндірілді. АҚШ пен Үндістан көш басында тұр.

АУЫЛ КӨРКЕЙЕДІ

Еліміздегі ауылдардың ахуалын реттеуге 106 млрд теңге жұмсалады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 480 елдімекен қалыпқа келтірілмек. Барлығы мыңнан аса жоба дайындалды.  Ал келесі жылы 570 ауылда инфрақұрылым жаңғыртылады. Бұл үшін 130 млрд теңге қарастырылып отыр. Бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады. Сөйтіп «Ауыл – ел бесігі» аясында 3,5 мың елдімекеннің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту көзделіп отыр. Жиыны 540 млрд теңгеге 2,5 мың ауылға жаңа кейіп келеді. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша қазір Қазақстанның аумақтық даму жоспары әзірленіп жатыр. Жоспар 2025 жылға дейін жүзеге асады.

 

 

 

Енді еліміздегі валюта бағамы жайында. Доллар 426,37 теңге, еуро 505,80 теңге, Ресей рублі 5,8 теңге.

 

Хабар 24 телеарнасы