Қазақстан аналық қойды сыртқа сатуын доғаруы тиіс – Алмасбек Садырбаев

Жалғыз себеп бұл емес әрине. Бағаның өсуіне ауыл шаруашылығына қажетті техника мен жанар-жағармайдың қымбаттауы және соңғы кезде мал азығының тапшылығы да түрткі болды. Себебі нарықта семіз мал жоқ. Қорадағы қойына шөп таппаған шопандар қазір аналық қойды сатып жатыр. Бұл алыпсатарлар мен шетелдіктер үшін қолайлы жағдай туғызды. Бұлай жалғаса берсе, елде қой саны қысқарып, алдағы жылдары ет бұдан шарықтап кетуі мүмкін дегенді алға тартады «Шопан ата» ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Айтуынша, биыл шопандар үшін өте қолайсыз болды. Төл жылдағыдан екі есе аз. Мәселен, қазір республикада 12 миллион аналық қой болса, мамырдың біріндегі есеп бойынша содан тек 7 миллион қозы ерген. Ішкі нарықта ет бағасын тұрақтандыру үшін тірі мал экспортын тоқтату керек деп санайды.

Алмасбек Садырбаев, «Шопан ата» ұлттық қой өсіру қауымдастығының төрағасы: 

- Шетелге тірілей малды сатуды тоқтау керек. Елдің ішінде өңдеуге шығу керек. Неге Өзбекстан бүгін алып кетіп жатыр? Өйткені өзбек мемлекеті өзінің диқанына, шаруасына, 4 процентпен кредит беріп жатыр. Қазақтың шаруасы қаншадан алып жатыр? Ең кемінде 14-16 процент. Біз қайдағы конкуренция, қалай шыдаймыз? Заңнамаға сүйенсек, Қазақстаннан ұрғашы малды сатуға болмайды-мыс. Тек ғана еркек мал сатылып жатыр дейді. Бірақ бір де бір жерде, таможня басқа біреу болсын. Кім ананың еркек пе, ұрғашы ма, айырып жатыр. Ешкім айырып жатқан жоқ. Сондықтан елден аналық бас кетіп жатыр. Төлді аз алдық. Шетелге тірі малымыз кетіп жатыр аналық бас. Жем-шөптен қорыққан шаруалар сатып жатыр, сонда қойдың еті қымбаттамай не қымбаттайды?

Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда қазір 22 миллион 900 мыңдай ұсақ мал бар. Оның 11 миллион 800 мыңдайы ауыл ішіндегі қарапайым тұрғындардікі. 9 миллион 900 мыңдайы жеке кәсіпкерлер мен фермерлік шаруашылықтардің еншісінде. 1 миллионы 200 мыңы ауылшаруашылық кәсіпорындарының малы. Елдегі ұсақ малдың 5 жарым миллиондайы Түркістан облысында. 4 миллион 300 мыңы Алматы, 3 миллион 700 мыңы Жамбыл облысының жайлауында. Шопан ата төлін баққандар биыл бес айда нарыққа 132 мың тоннадай ет шығарды. Олардың айтуынша, нарықтағы бүкіл тауарды салыстырмалы түрде қарасақ, ет бағасы негізсіз өскен жоқ.

Марлен Баймағанбетов, Ақтөбе фермерлер қауымдастығының төрағасы:

- 2012 жылы бізде ең қолданатын МТЗ 82 тракторы 2,5 млн болды бағасы. Қазір 10 млн. 4 есе қымбаттады. Жағармайымыз 50 теңге болды. Қазір 1 литр солярка 170-200 теңге. Былай айтқанда бөлшектер 4 есеге өсті. Біздің ет 1200-1300 теңге болды. Қазір 2000 теңгеге, екі есе де өскен жоқ. Тек 40-50 процентке жоғарылады. Дүкенде 2,5 мың дейді. Біз өйтіп сатпаймыз. Біздер делдалдарға, көтерме саудаға сатамыз. Олар ар жағында дүкендерге саудагерлердің қолына тиеді.  

ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттер мұнай өндірісіне қатысты келісімді келер жылдың соңына дейін ұзартты. Сондай-ақ 5,8 млн баррель деңгейіндегі шектеу алынғанға дейін тамыз айынан бастап ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылдады. Яғни біздің ел келер айдан бастап мұнай өндірісін көбейтеді. Қазақстан үшін тәулігіне 1 миллион 491 мың баррель өндіруге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ Ресей мен Сауд Арабиясына келер жылдың мамырынан бастап тәулігіне 11 жарым миллион бөшке мұнай өндіруге рұқсат берілді. Нарықтағы ахуалды бағамдап, оң шешім қабылдау үшін ұйымға мүше мемлекеттің өкілдері желтоқсанда тағы бір рет бос қосуға уағдаласты. Сарапшылар шектеу шаралары келер жылдың қыркүйегінде алынады деп топшылайды.