425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сарапшылар: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін

  • 558
  • UPD: 14:56, 26.07.2021

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін. Отандық сарапшылар осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, елде инфляция деңгейі тез өсіп барады. Сондықтан орталық банк осындай қадам жасауға тиіс. Егер экономистердің пайымы дәл келіп, базалық мөлшерлеме көтерілсе, бұл нарыққа қалай әсер етеді?

Елде инфляция деңгейі бір жылда 7,9%-ке жетті. Ал Ұлттық банктің биылға жасаған болжамында ол 4-6% дәлізінде болуы тиіс еді. Салдарынан азық-түлік тауарлары бір ғана маусым айында 1,5%-ке қымбаттады. Енді мұны тоқтату үшін қаржы ұйымы базалық мөлшерлемені 0,25%-ке көтеріп, жалпы 9,25% деңгейіне жеткізуі мүмкін. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті бүгін осы мәселе бойынша шешімін жариялауы тиіс. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, әлемнің дамыған елдері қазір өз экономикасын көтеру үшін базалық мүлшерлемені барынша төмендетіп, нөлдік деңгейде ұстап отыр. Яғни, шарулары жеңілдікпен несие алып, іскерлік белсенділік артады. Бізде мемлекеттік бағдарламалар болғандықтан базалық мөлшерлеменің көтерілуі экономикаға кері әсер етпейді. Бірақ инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді. Десе де, базалық мөлшерлеме өссе, екінші деңгейлі банктер несие процентін көтеруі мүмкін.

Мақсат Халық, экономист:

- Әрине, кредиттер қымбаттауы мүмкін. Бізде мысалы 9% болып тұрғанда бізде тұтынушы несилердің пайызы 30%-тей. Үш есе көп. 0,25-ті үшке көбейтіп, кредиттердің үстінен 1-2% қосылатынын білуге олады. Оның тағы бір несі бар депозиттердің де пайызы өседі. Яғни, ол белгілі дәрежеде салымшылар үшін тиімді. Базалық мөлшерлеме жоғары болған сайын теңгеге күш береді. Егер базалық мөлшерлемені көтерсе және ол инфляцияның тез қарқынды жүруін азайтса, демек инфляция қалыпқа келеді деген сөз. Ол жерде теңгенің құнсыздануына тосқауыл болады.

Мақсат Халықтың айтуынша, елде инфляцияның өсуіне айналымдағы қаржының көбейіп кетуі де әсер еткен. Өйткені соңғы 7-8 айдың ішінде нарықтағы ақша массасы 3 триллион теңгеге өсті. Яғни, қазір ел нарығында 27 триллион 500 миллиардқа жуық қаржы бар. Ақшаны көптеп шығару теңге құнының төмендеуіне әсер еткен.

***

Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 6,5%-ке жеткізді

Базалық мөлшерлемені Ресейдің Орталық банкі де көтерді. Көрші елдің бас қаржы ұйымының директорлар кеңесі ақылдаса келе, базалық мөлшерлемені бірден 100%-ке өсіріп, 5500-ден 6500-ге жеткізді. Ресей банкінің есебінше, биыл екінші тоқсанда ел экономикасы дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті. Экономикаға салынған қаржы инфляция деңгейін көтеріп жатыр. Сондықтан базалық мөлшерлемені көбейту арқылы инфляцияның өсімін төмендетпек. Сарапшылардың айтуынша, биыл Ресейде инфляция деңгейі 5,7-6,2 дәлізінде сақталады. Ақша-кредит саясатының мамандары келер жылға дейін бұл көрсеткішті 4-4,5% деңгейіне түсірмек.

***

Еуроодақ көміртекке салық енгізбек

Еуроодақ көміртекке салық енгізсе, Қазақстан миллиардтаған доллардан қағылады. Сарапшылар осындай пайым жасап отыр. Олардың айтуынша, Еурокомиссия жаңа ережені 2023 жылы қабылдамақ. Яғни, Еуропа аумағына импортталатын тауардың барлығына құрамындағы көмірсутек қорына қарай салық енгізіледі. Қазақстан Кәрі құрлыққа негізінен шикізат экспорттайды. Оның 90%-і мұнай. Егер сол үшін салық төлейтін болса, жылына бес миллиард доллар пайдадан қағылуы мүмкін. Мұнай-газ саласының маманы Олжас Байділдинов осындай болжам жасады. Ереже жалғыз Қазақстан емес, Еуропаға тауар әкелетін бірталай елге ауыр соққы болады. Енді экспортерлар жаңа нарық іздеуге немесе салық төлеуге мәжбүр. Мәселенің оң шешімін табуға Үкімет мүшелері кірісіп кеткен. Мамандардың айтуынша, Еуроодақ 2030 жылға қарай ауаға бөлінетіз улы газдың көлемін 50%-ке азайтпақ. Ал 2050 жылы мүлде нөлдік деңгейге жеткізуге ниетті. Жоспарды жүзеге асыруға бір жарым жылдан кейін кіріседі

***

Нью-Йорк қор нарығы аптаны өсіммен аяқтады

Уолл-стриттегі негізгі қор индекстері өткен аптаны айтарлықтай өсіммен аяқтады. Мәселен Dow Jones индекстері 1%-тен астам көтерілсе, S&P 500 2%-ке, Nasdaq 2,5%-ке жоғарылады. Сарапшылардың айтуынша, негізінен байланыс компаниялары мен денсаулық сақтау саласына қарасты кәсіпорындар және бұқара көп қолданатын тауар өндірушілердің акциялары қымбаттаған. Сондай-ақ индекстердің көтерілуіне Snap және Twitter әлеуметтік желілерінің қорытынды есебі де оң әсер етті. Өйткені Snapchat компаниясы соңғы төрт жылда ректорды табысқа жеткенін жариялады. Бұл экономиканың қайта қалыпқа келгенін көрсетеді. Осыдан кейін Facebook, Pinterest сынды бірнеше компанияның акциялары қымбаттаған. Десе де, энергетика саласындағы компания акциялары аптаны минуспен аяқтады. Сарапшылардың айтуынша, осы аптада нарыққа АҚШ федералды қор жүйесі мамандарының отырысы мен алпауыт технологиялық компаниялардың есебі әсер етуі мүмкін.

Енді валюта бағамына тоқталайық. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 424 теңге 67 тиынға бағаланды. Еуро 499 теңге 76 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 77 тиын деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы