Қазақстанда халықтың 61%-і өмірге риза

 

Қазақстандағы халықтың бір бөлігі өмірге риза. Бұлай деуге толық негіз бар.

Ұлттық статистика бюросы мынадай дерекпен бөлісті. Олар үй шаруашылықтарын «Халықтың өмір сүру сапасы» деп талатын сауалнама бойынша жіктеген. Нәтижесінде сұралғандардың 61%-і өз өміріне қанағаттаннатынын айтқан және мұндай азаматтар қалаға қарағанда ауылдық жерлерде едәуір көп.

2020 ЖЫЛ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҚИЫН КЕЗЕҢ БОЛДЫ

2020 жылы әуе тасымалы саласында тарихта болмаған жағдай орнады. Жолаушылар тасымалы 60%-ке қысқарды. Ұшуға сұраныс та төмендеп кетті. Бұл туралы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) есебінде жазылған. Жалпы коронавирус пандемиясы былтыр әуе компанияларына 126 миллиард доллар шығын келтірген. Ал жолаушылар ағынынан түсетін табысты 69%-ке төмендетті делінген есепте. Сарапшылардың пікірінше, ең көп зардап шеккен Таяу Шығыс елдері. Онда жолаушылар ағыны  2019 жылмен салыстырғанда 71% - ке азайды. Одан кейін Еуропа және Африка елдері. Бірақ бақылауға сай Қытай алғаш рет осы нарықтың ең ірі ойыншысы атанды. Өйткені ол ел ішіндегі рейстерді тез қалпына келтірген.

АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ НЕСИЕ ҚАРЫЗЫ $15 ТРЛН-ҒА ТАҚАП ҚАЛҒАН

Америкалықтардың несие қарызы көбейіп жатыр. Нью-Йорк федералдық резерв банкінің ақпаратына сай, олардың борышы 15 триллион долларға жақындаған. Биыл екінші тоқсанда елдегі несие алу қарқыны соңғы сегіз жылда болмаған деңгейге жетіпті. Оған негізінен ипотекалық қарыздар ықпал еткен. Маусымда АҚШ-тағы ипотекалық несиелер көлемі 10 триллион доллардан асты. Оның сыртында кредиттік карталар бойынша қарыздардың да көбейгені байқалады. Бірақ америкалықтар кредиттерін уақытында жабатын сыңайлы. Өйткені мерзімінен кешіктірілген төлемдер саны сол қалпында сақталған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, доллар 424,02 теңге, еуро 502,76 теңге, Ресей рублі 5,82 теңге.