Moody's Қазақстанның кредиттік рейтингін көтерді

Шілде айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция деңгейі 8,4% жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш деп хабарлады Ұлттық банк. Мамандар инфляцияның жоғары болуын тұтынушылық бағалардың жедел өсуімен байланыстырады. Мәселен, биыл мамырдағы көрсеткіштерге сай Қазақстанға келетін импорттық тауарлардың бәрі қымбаттаған. Жылдық мәнде импорттық шикізат 30%, жартылай фабрикаттар 17%, дайын тауарлар 8%, ал құрылыс материалдары 16,5% өсті.

Moody's Қазақстанның кердиттік рейтингін «позитивті» болжамнан «тұрақтыға» дейін көтерді. Рейтингтің көтерілуі Қазақстанның мемлекеттік қаржысы мен кредиттік бейінінің тұрақтылық көрсетуімен байланысты. Сондай-ақ бұл көрсеткіш Baa2 рейтингі деңгейіндегі елдермен сәйкес келеді. Moody's еліміздің контрциклдық бюджет саясатын жүргізу тиімділігін оң бағалады. Агенттік Қазақстан экономикасы 2021 жылы 3,5-4% және 2022 жылы 4-4,5% өседі деп болжады. Moody's бағалауы бойынша Қазақстандағы экономикалық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Қазақстан көлік нарығындағы тапшылық әлі сақталады

Өткен айда еліміздегі жаңа көліктердің саудасы маусыммен салыстырғанда 10% түсіп кетті. Қазақстан нарығында көлік тапшылығы алдағы айларда да сақталады, өйткені әлемдік көлік өнеркәсібі электронды құрылғылар тапшылығына тап болды. Бұл біздің елге келетін темір тұлпарларға да  әсер етеді. Қазақстанның автобизнес қауымдастығының сарапшылары осындай болжам жасады. Дегенмен бір жылда жаңа көліктердің саудасы 42% өскен. Ең көп сатылған маркалар – Chevrolet және Hyundai Accent. Бірақ мамандардың айтуынша, қазақстандық жүктердің Қытай арқылы транзиті бойынша шектеулер жаңа проблемаға айналды. Бүгінгі таңда бұл мәселе қазақстандық өндірушілерді де, импорттаушыларды да алаңдатады. Егер жақын арада тауарлар жеткізілмесе, өсім тоқтайды, ал кәсіпкерлер өз міндеттемелерін ұзартуға мәжбүр болады.

Қытайда көлік саудасы төмендеген

Темір тұлпар саудасы көрші елде де мәз емес. Қытайда көлік саудасы үшінші ай қатарынан қысқарып келеді деп хабарлады елдің автокөлік өндірушілер қауымдастығы. Әлемдегі ең ірі нарықтардың бірінде өткен айда жалпы көлік саудасы 7,5% азайды. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, сатылымның төмендеуі әлемдік нарықтағы жартылай өткізгіштердің тапшылығына, шикізаттың қымбаттауына, сондай-ақ Қытайдағы COVID-19 ифекциясының қайта өршуіне байланысты.

Карантиндік шектеулер шикізат өндірісіне кері әсер етуде

Трейдерлердің Сovid-19 дың жаңа толқынына алаңдаушылығы нарыққа қысым жасауды жалғастырады. Әлем елдерінің карантиндік шектеулерді қайта енгізуі мұнайға сұраныс көлеміне әсер ете бастады. Bloomberg хабарлауынша, қыркүйекте кем дегенде төрт азиялық мұнай өңдеу компаниясы Saudi Aramco-дан сатып алатын шикізат көлемін азайтуға ниетті. Яғни олар қолданыстағы келісімшарттарда көрсетілген көлемнен аз мұнай сатып алуы мүмкін. Америкалық мұнай институтының осыдан бірнеше күн бұрын жариялаған мәліметтері өткен аптада АҚШ-тағы қорлардың 816 мың баррельге төмендегенін көрсетті. Егер елдің Энергетика министрлігі ресми баяндамасымен осы ақпаратты расталса, қордағы мұнай үшінші апта қатарынан төмендегені белгіленеді.

Еске салайық, Қазақстанда биыл қаңтар-маусым аралығында Атырау, Шымкент және Павлодардағы зауыттарда мұнай өңдеу көлемі 7 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3% көп.