Қазақстаннан Ауғанстанға спред экспорты бес айға тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Спред — сары май мен маргариннің баламасы. Бұл туралы бізге Қазақстанның Май және тоң май өндірушілер одағының президенті Константин Невзоров хабарлады. «Елдегі тұрақсыз жағдайға байланысты ауғандық әріптестеріміз тауар тасымалының уақытша тоқтатауы мүмкін екенін айтты», - деді одақ басшысы. Олар бұл жаңалықты одаққа кіретін қазақстандық өндірушілерге хабарлаған. Ал күнбағыс майын Ауғанстанға жіберуді біздің өндірушілер жарты жыл бұрын тоқтатқан. Бұл Қазақстандағы шикізат тапшылығымен байланыстыты болды. Айта кетейік, былтыр Қазақстаннан Ауғанстанға жалпы сомасы 5 миллион долларды құрайтын күнбағыс майы экспортталды.
Биыл бірінші жартыжылдықта Ауғанстаннан Қазақстанға импорт көлемі екі еседен астам өсті. Елге жеткізілген өнімнің жалпы сомасы шамамен 2 миллион долларды құрады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл біздің елге шамамен 292 мың долларға ауғандық картоп әкелінді. Өткен жылы бұл мемлекеттен картоп импортталмаған. 2020 жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта алюминийден жасалған тұрмыстық тауарлар импорты 8 есе өсті. Осы аралықта жүзім импорты шамамен 20%-ке төмендеді. Бірақ жүзім Ауғанстаннан келетін импорттың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. Сондай-ақ бұл елден минералды және газдалған су, цитрустар, кептірілген жемістер мен кондитерлік өнімдерді, соның ішінде ақ шоколадты әкеледі.
Ауғанстаннан қазақстанға импортталатын тауарлар
Барлығы $1,7 млн
2020 ж. 2021 ж.
Картоп 292 мың $
Жүзім 677 мың $ 545 мың $
Тұрмыстық тауарлар 52 мың $ 416 мың $
Минералды және газдалған су 123 мың $.
***
Биыл Қазақстанда 47 800 ипотекалық қарыз мерзімінен бұрын жабылды
Биыл қазақстандықтар 48 мыңға жуық ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын жапқан. Өткен жылдың осы кезеңінде бұдан екі есе аз көрсеткіш тіркелген. Осылайша, тарихи максимум жаңарды. Бұл зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша бағдарламалардың іске асуымен байланысты, деп хабарлайды Krisha.kz. Соңғы деректерге сай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ипотекалық қарыздарды толық жабуға 33 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Ол 8,5 мыңға жуық өтінішті қамтиды. Ал қарыздарды ішінара өтеуге 56 мың өтінім бойынша 130 млрд теңгеден астам қаржы берілген. Еліміздің ипотекалық қарыздарының 60%-і «Отбасы банктің» еншісінде. Бірінші жартыжылдықта бұл банктің қарыз алушылары 25 мың кредитті мерзімінен бұрын жапқан. Жалпы Қазақстанда барлық ипотекалық қарыздардың жартысынан астамы мерзімінен бұрын төленеді делінген хабарламада.
***
ТКШ саласына 966 млрд теңге инвестиция бағытталады
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 966 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталады. Бұл биылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге есептелген қаражат. Оның басым бөлігі электр энергетикасына 636 млрд теңге және жылу энергетикасына 171 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, сумен жабдықтауға, су бұрмалауға, тауарлық газды тасымалдауға да инвестициялық қаржы жұмсалады. Соның нәтижесінде коммуналдық қызметтердегі апат санын 11%-ке, ал негізгі жабдықтардың тозуы 4%-ке дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар инвестициялық қаржы есебінен әкімшілік-басқару және өндірістік қызметкерлердің жалақысы артуы мүмкін деп хабарлады комитет. Ең бастысы, комитет өкілдері жылдың соңына дейін коммуналдық қызмет тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермейтінін шараларды іске асырмақ. Бұл тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүддесін теңестіруге сеп болмақ.
***
Технологиялық алыптар қолма-қол ақша жинай бастады
Дүниежүзіне таралған «Дельта» штамм әлемдік экономикаға зиян келтіруі мүмкін. Осыған алаңдаған Apple, Google және басқа компаниялар қолма-қол ақша жинай бастады. Екінші тоқсанның соңында әлемдегі ең ірі компаниялардың балансы 6,85 триллион долларға жетті. Бұл туралы CNN хабарлады. Экономикалық тұрақсыздық алдындағы қорқыныш технологиялық алыптарды ақша үнемдеуге мәжбүрледі. Apple, Microsoft және Alphabet өз балансында 460 миллиард доллар ұстап отыр. Ал Amazon 90 миллиардқа жуық, Facebook 64 миллиард доллардан астам қаражат жинады. «Қаржыландыру құны қазір өте арзан, сондықтан фирмалар қарыздық міндеттемелерді шығарады, ал олардың шоттарында ақша жинала береді», - делінген хабарламада. Нарық қатысушылары АҚШ Федералды резерв жүйесінің 2022 жылы қысқа мерзімді проценттік мөлшерлемелердің өсіргенін күтіп отыр. Жоғары мөлшерлемелермен қарыз алу қымбатқа түседі, сонда корпорациялар өз ақшасын инвестицияларды ұлғайтуға және қызметкерлердің жалақысын көтеруге пайдалана бастайды.